Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет7/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

«– Сіз ғафу етіңіз, – деді жігіт күлген болып, . . . » [І. Есенберлин].

Жоғарыда сөз болған әлеуметтік және биологиялық белгілер мен рөлдер қарым-қатынас барысында белгілі бір жүйе құрап, сөйлеу этикетінің формаларын қолдануда маңызды қызмет атқарады. Этикет қалыптарын қолдануда негізінен үш фактор – коммуниканттардың жынысы, жасы және әлеуметтік статусының орны ерекше.

Қазақ және ағылшын тілдерінде есімдіктер тұлғалардың өзі мен әңгімелесушіні атау, сыпайы немесе анайы формаларды белгілеу қызметін орындайды. Оларды қолдануда қос тілде де арнайы ережелер мен қағидалар жиынтығы бар. Сыртқы фактордың әсерінен пайда болған этикеттің бұл түрі ресми қарым-қатынаста, әсіресе, қалалы жерде, түрлі ұлт өкілдері аралас ұжымдарда жиі қолданылғанымен жалпыхалықтық сипат алған жоқ. Жалпы қазақ қауымы, тіпті зиялы қауым өкілдерінің өзі де көп жағдайда -ович, -овна деп тіркестіргеннен қазақи исі бар Реке, Төке, Нәке деп қолданғанды я болмаса толық атын ғана атағанды оң көреді. Бұл жөніндегі өз пікірін Р. Сыздықова былайша білдіреді: «Бұл күндегі тағы бір кемшілік – қазақтарға «имя, отчествосымен» пәленше пәленшеевия, пәленше пәленшеевна деп, өзіне қарату да сұхбаттасу үрдісіне келе бермейді. Орыс ағайындардан жиендік етіп алып кеткен бұл тәсілді «ұлы, қызы» деген сөздерді қосып, «қазақша киіндіріп» кәдеге асыру әрекеті бұдан да сорақы шығады» [3, 29].

Ағылшын тілінде жанында отырған 3-ші кісіні ол (he, she) есімдіктерімен атамайды, осыған байланысты 3-ші тұлғаның аты-жөнін атап, оған сыпайылық білдіру талап етіледі. Ал қазақ тілінде 3-ші жақтағы ол, олар есімдіктері мен ол кісі тіркесі әңгімелесушілердің жасы, қоғам мен жанұяда алатын орны, лауазымы мен атақ-дәрежесіне қарай қолданылады: «– Ол маған қарап жымыйды» [Б. Мұқаев] және «– Ол кісі маған Ерғазыға сен айтты деп ештеңе деген жоқ» [І. Есенберлин].

Сөйлеу этикетіне байланысты есімдіктердің ішінде сен және Сіз (you, You) формаларының рөлі ерекше. Коммуникативтік актіде осы элементтердің сыпайы не анайы түрін қолдану бірнеше шарт пен сөйлеу ситуацияларына байланысты. Жіктеу есімдігінің 2-ші жағындағы сыпайы түріндегі Сіз формасы қазақ тілінде -шы, -ші, -ңыз, -ңіз қосымшалары және етістіктермен сөз тіркесін құрайды («Сіз бірінші қараңыз», «Сіздер айтыңызшы» т.б.), сонымен қатар, қазақ тілінде этикетті мағына бір сөзбен беріледі (айтыңызшы, келіңізші). Ағылшын тілінде осындай сөйлеу ситуациясында please немесе You есімдігі қолданылады. Сіз және сен есімдіктері прагматикалық сыпайылық категориясымен тығыз байланысты. Сонымен, сөйлеу этикеті – коммуникативтік актідегі сыпайылық категориясын белгілейтін тілдік форма, социумға тән әлеуметтік қатынастарды анықтайтын және халықтың салт-дәстүрімен байланысты бірлік [4, 21].

Белгілі бір этностың тілінде өтетін қарым-қатынас процесі екінші бір ұлттың тілінде болатын тілдесуге қарағанда өзгеше болатыны мәлім, бұндай өзгешеліктер тілдің ұлттық-мәдени ерекшеліктері деп анықталады және арнайы факторлар жүйесінен құралады. Бұл жүйеге мәдени дәстүрлер және коммуникацияға қатысушылардың әлеуметтік белгілері, іс-әрекеттің әртүрлі формаларының өтуі және қоғамда қалыптасқан тезаурустың ерекше ұғымдарымен байланысты факторлар жатады.

Осы тараудың бірінші тармақшасында қазақ және ағылшын тілдерінддегі сәлемдесу рәсімінің ерекшеліктері туралы сөз болады. Амандасу қалыптары байланыс орнату қызметін атқарады және коммуниканттардың ерекше сипаттары мен белгілерін, сөйлеу жағдайын анықтап отырады. Олар әңгімелесу ниетін білдіріп, байланыстың басталу уақыты мен ерекшеліктерін белгілейді. Сәлемдесу формалары әңгімелесушілердің әлеуметтік, биологиялық т.б. сипаттарына байланысты және қатынастың түрлеріне қарай сараланады. Мағыналық және стильдік реңкке қарай амандасудың қазақ және ағылшын тілдерінде бірнеше түрі бар [3, 27]. Мәселен, қос тілде де таныс – бейтанысқа, үлкен – кішіге сөйлегенде, ресми/бейресми жағдайда Сәлеметсіз бе!, Сәлеметсің бе!, Сәлеметсіздер ме! – Hello!, Hi! Формалары қолданылады. Сәлемдесудің қазақ тіліндегі келесі универсалды түрі – Амансыз (сың) ба! және көпше түрде Амансыздар (сыңдар) ма! формалары, сөйлеу этикетінің бұл элементі ағылшын тілінде How are you? баламасымен беріледі. Ағылшын тіліндегі сұраулы формаға тілімізде Аман-есенсіз бе?, Аман-саусыз ба? қалыптары дәл келеді.

Мұсылман халықтарында қалыптасқан игі дәстүр бойынша амандасу процесінде Ассалаумағалейкум! сәлемдесу формасы мен оған тән Уағалейкумассалам! жауабы кездеседі. Араб тілінен енген бұл сәлемдесу түрі қазақ тілінде өтетін қарым-қатынас барысында тек ер адамдардың қолданысында болады. Тілімізде сәлемдесу кезіндегі рудиментті Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба? деген конструкциясы халқымыздың ұлттық-мәдени ерекшелігінің бірі болып табылады. Қазақ қыздары мен әйелдері Амансыз ба!, Есенсіз бе!, Сау-саламатсыз ба?, Армысыздар!, Есен-саусыздар ма?! т.б. сәлемдесу формаларын қолданады, ал ер адамдарға тән Ассалаумағалейкум! амандасуы осы топтағы коммуниканттардың қолданысында болмайды. Бұл ерекшелік сөйлеу этикетінің биологиялық критерий бойынша дифференциацияға түсуімен түсіндіріледі. Қазақ тілінің этно-мәдени ерекшеліктеріне байланысты әдеби туындылар мен ресми жағдайда Арсың ба! сәлемдесу түрі кездеседі, мысалы:

«– Арсың ба, Абылай хан! – Барсың ба, жырауым! Жолыңыз оң болсын!»

[І. Есенберлин].

Қоштасу рәсімінде өтініш жасау, сәлем айту, алғыс білдіру, көңіл-күйі мен ризашылығын білдіру, қайтуға рұқсат сұрау, тілек айту, Алла тағалаға (псевдоадресат ретінде алып) тіл қату формалары кездеседі, олардың белгілі бір түрін қолданғанда коммуниканттар тіл мен мәдениеттің этно-мәдени ерекшеліктерін ескеріп отырады. Коммуникативтік актінің қоштасу кезеңінде ұрпақтан ұрпаққа тарап, әлі күнге дейін мәнін жоғалтпаған сый тарту деген қазақ салты бар, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде сақталған осы рәсім тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің айғағы болып табылады. Қазақ этносының болмыс-бітімінде тағы бір жақсы дәстүр бар, ол – қонақ үйден аттанар кезде оның жұмысы мен сапар мақсатын анықтау және үй иелерінің бірі қонағынан «бұйымтай» сұрау салты, бұндай әрекеттер ұлттық-мәдени ерекшеліктерді айғақтай түседі [5, 16].




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет