ТЫҢДАЛЫМ БӨЛІГІ АЯҚТАЛДЫ _________ II. ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ
1.Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді белгілеңіз
Өнім шығаруда жаңа технологияны қолданамыз. А) ұсынамыз
В) шығарамыз
С) дайындаймыз
Д) пайдаланамыз
2. – тан қосымшасы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.
А) кітап
В) студент
С) емтихан
Д) зертхана
3. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңыз.
А) жедел-үнемі
В) жоғары-төмен
С) осында-мұнда
Д) жақында-кейде
4. Меншік иесі көрсетілген сөйлемді табыңыз.
А) Ақынның өлеңдері баспанаға берілді.
В) 1865 жылы Біржан Абаймен кездескен.
С) Біржан сал талантты ақын, сазгер болған.
Д) ол жастайынан ән салып, айтысқа қатысқан.
5. Қимылды білдіретін сөйлемді белгілеңіз.
А) Көрікті жерлер
В) Өзенге суға түстік
С) Кең- байтақ қазақ даласы.
Д) табиғат – біздің ортақ үйіміз.
6. Көлемді білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бұл ғимаратқа әлі жылы су берген жоқ.
В) Қабырғаларға әдемі тұсқағаз жапсырдық.
С) Дәліздің еденінде сұртүсті кілемше жатыр.
Д) Жаңа үйлердің бөлмелері кең әрі төбесі де биік.
7) Меншіктік мағына бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Олардың өнімдері маған ұнады.
В) Біз тауарларды бірден тексердік.
С) Компания техникалық құралдарды жаңартты.
Д) Әріптестер тауарды айырбастау жөнінде келісті.
8) Мақсат мәнді сөйлемді табыңыз.
А) Тауарларды айырбастауға келдік.
В) Тағам өнімдеріне сраптама жасадық.
С) Өнімдердің сапасын тексеріп өткіздік.
Д) Менеджер жаңа тауарларды қабылдап алды.
9) «Қашан?» сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз.
A) жеңіл
B) тағам
C) дұрыс
D) кешке
17. Болжам мәнді сөйлемді табыңыз.
А) Олар М.Шахановпен кездесу өткізуі мүмкін.
В) Мұхтар қазақ тілінің дамуына зор үлес қосты.
С) Ол Наурыз мерекесінің тарихы туралы айтты.
Д) Шахановтың әндері халық арасына кең тараған.
18. Қарсы мәнде айтылған сөйлемді табыңыз.
А) Емханада отбасы дәрігерімен кездестік.
В) Ағза тазалануы үшін, суды көп ішу керке.
С) Дәрілерді іштім, бірақ қызуым түспей тұр.
Д) Дәрігер дұрыс тамақтану жайлы дәріс оқыды.
19. Іс-әрекеттің себебі көрсетілген сөйлемді табыңыз.
А) Кітапта жазушының өмірі жайлы ойлары жинақталған.
В) Халық оқып жүруі үшін, Абай сөздері қала көліктеріне ілінді.
С) С. Сматаевтың жаңа кітабы шыққан.
Д) Оның бұл мақаласын оқи аламайсыз, өйткені ол Татарстанда шыққан.
10) Неден? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
А) Бұл өте пайдалы көкөніс.
В) Пияз Орта Азиядан шыққан.
С) Шөптен жасалған дәрінің зияны жоқ.
Д) Пияздың қабығында дәрумендер көп.
11. Бұрын орындалған әрекетті табыңыз.
А) Қазір тұрмыстық тауарлар дүкеніне барамыз.
В) Айдың соңында маусымдық жеңілдік болады.
С) Мерекеге орай тауарлар жеңілдікпен сатылған.
Д) Жаңа мына теледидарды несиеге сатып алдым.
12. Мезгіл – мәнді сөйлемді табыңыз.
А) Қазақ тілі мақал – мәтелдерге өте бай
В) Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады.
С) Былтырдан бері қазақ тілін үйреніп жүрмін.
Д) Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады.
13. Заттың орнын көрсететін қатарды табыңыз.
А) Мұнда зертханалар орналасқан.
В) Ауада ауыр металдар қоспасы көбейген екен.
С) Олар металдарды бөліп алу үшін қолданамыз.
Д) Сіздің тәжірибе жасау жұмыстарыңызға көмектесеміз.
14. Заттың реті көрсетілген қатарды табыңыз.
А) Жаңа қалада жүз мыңнан аса адам тұрады
В) Жүз елу алтыеша пойыздың кестесі өзгерді.
С) Теміржолды салуға жиырма мыңдай адам қатысты.
Д) «Алтынкөл» халықаралық теміржол бекеті ашылды.
15. Әрекеттің өту уақытын анықтаңыз.
Қазыбек би он төрт жасында елшілікке барған. А) бұрын
В) жақында
С) осы кезде
Д) алдағы уақытта
16. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Медициналық құралдарды алу үшін оны ... күттік. А) көп
В) онша
С) бірден
Д) жылдам
17. Сөйлемдегі санның дұрыс айтылуын көрсетіңіз.
Биыл компаниямыз жылдық табысын 33,12 пайызға арттырды. А) отыздан аса
В) отыз да он екі
С) отыз үш бүтін оннан екі
Д) отыз үш бүтін жүзден он екі
18. Болымсыз мәнді сөйлемді табыңыз.
А) Сауда үйінде отандық азық-түлік сатылады.
В) Сауда үйінің құрылысын бастау туралы сөйлестік.
С) Мақсатымыз – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету.
Д) Әріптестеріміз біздің ұсынысымызға келіспей отыр.
19. Іс-әрекеттің себебі көрсетілген сөйлемді табыңыз.
А) Кеңсеміз жаңа, бірақ орталықтан алыста.
В) Компания бірнеше ғимаратты жалға алды.
С) Қазіргі жұмыс орным қолайлы әрі үйге жақын.
Д) Ғимаратты жалға алмаймыз, өйткені бөлімше жабылды.
20. Қуанған кезде қолданылатын сөзбен толықтырыңыз.
... , далада қар жауып тұр!
А) Қап
В) Әттең
С)Шіркін
Д) Алақай
21. Дәл қазір орындалып жатқан әрекетті табыңыз.
А) Табиғатты қорғау – басты мақсатымыз.
В) Көптеген алма ағаштарын отырғыздық.
С) Экологиялық мәселерді талқылап отырмыз.
Д) Ол көлдердің экологиясы туралы хабарлама жасады.
22. Адам бойындағы қасиетті білдіретін сөзді табыңыз
А) көк, қызыл
В) жақсы, дәмді
С) түзу, жіңішке
Д) білімді, өнерлі
23. Алдағы уақытта орындалатын әрекетті табыңыз.
А) «Жастар» спорт сарайы жөндеуден өтті.
В)Талдықорғанда жаңа драма театр салынады.
С) Жаңа ғимараттар өте жылдам салынап жатыр.
Д) Қала халқының саны жүз алпыс төрт мыңнан асты.
24. Сапаны білдіретін сөзді көрсетіңіз.
А) бес
В) әдемі
С)дұрыс
Д)жасыл
25. Уақытты білдіретін сөзді табыңыз.
А) біреу
В) барша
С) бәлкім
Д) былтыр