ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ ЯҚТАЛДЫ _______________
ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ
1-мәтін Біз қала орталығында көпқабатты үйде тұрамыз. Үйімізге қазақ драма театры, үлкен концерт залы, саябақ жақын орналасқан. Бос уақытта саябаққа барып демаламыз. Біздің үйімізге қонақтар көп келеді.
1-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 1.Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз. Біз бос уақытымызды ... өткіземіз. А) театрда
В) саябақта
С) концерт залында
Д) қала орталығында
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. А) Қала қонақтары театрға көп келеді.
В) Саябақтың ішінде концерт болады.
С) Үйіміздің жанында мәдени орындар көп.
Д) Концерт залы көпқабатты үйде орналасқан.
2-мәтін Ақжүрек Таңатаров – еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол биыл Тараздағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы спортшыныңтуысқан ағасы әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Балуан 32 жасында спортты аяқтап, шәкірт тәрбиелеп жүр. Ақжүрек – Олимпиада ойындарынан бөлек Азия чемпионы, ҚР Спорт шебері, Құрмет орденінің иегері.
2-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 3.Сұраққа жауап беріңіз. Ақжүрек жаңа қызметке ауыспай тұрып немен айналысты?
А) ән айтты
В) директор болды
С) шәкірт тәрбиеледі
Д) еркін күреспен айналысты
4.Жауабы бар сұрақты табыңыз А) Ақжүрек қай мектепте директор болды?
В) Ақжүрек Азия чемпионатына қашан қатысты?
С) Ақжүрек Лондон олимпиадасында кіммен күресті?
Д) Ақжүрек Таңатаров еркін күреспен қашаннан бері айналысады?
5. Асты сызылған сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табыңыз. Ақжүрек биыл спорттағы жолын аяқтап, шәкірт тәрбиелеп жүр.
А) бітіреді
В) бастайды
С) тәмамдайды
Д) жалғастырады