6. Мәтіннің мазмұнын анықтаңыз. А) Лондон олимпиадасы
В) Спорт мектебінің тарихы
С) Чемпион болған қазақтар
Д) Чемпионның жаңа қызметі
3-мәтін 1873 жылы 15 жасар Честер Гринвуд суықтан қорғайтын әлемдегі ең алғашқы құлаққапты ойлап тапты. Ол коньки тепкенді қатты жақсы көрген. Ол қыстың бір күні далада сырғанап жүріп, құлағын үсітіп ала жаздайды. Честер жылы бас киім кигісі келмей, әжесіне құлағын аяздан қорғайтын зат тігіп беруін өтінеді. Ол сымнан жиек жасап, ішіктен жасалынған ұлтаншаларды біріктіреді. Оның өнертабысы жергілікті балалар мен жастарға ұнады. Честер Гринвуд, біз «құлаққап» деп атайтын заттың сыртқы түрі мен құрылымын жақсартуды жалғастырды. Ол өзінің фирмасын ашып, құлақты қорғауға арналған бұйымдар өндірумен 60 жыл бойы айналысты.
3-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары:
7. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. А) Құлаққаптың неше түрі бар?
В) Гринвуд құлаққапты кімге сыйлады?
С) Честердің өнертабысы кімге ұнады?
Д) Бір құлаққап жасауға қанша уақыт кетеді?
8. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. А) әлем, Честер, фирма
В) құлақ, бұйым, фирма
С) құлаққап, қыс, өнертабыс
Д) құлаққап, өнертабыс, фирма
9. Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз. Әжесіне құлағын аяздан қорғайтын зат тігіп беруін өтінеді. А) сұрайды
В) жасатады
С) біріктіреді
Д) ойлап табады
10. Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз.
Честер нені ойлап табады? А) бұйым
В) фирма
С) коньки
Д) құлаққап
11. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. А) Честер алғашқы құлаққапты ойлап тапты.
В) Гринвуд суықтан қорғайтын құлаққап жасады.
С) 1873 жылы Ч.Гринвуд алғашқы құлаққапты ойлап тапты.
Д) Честер Гринвуд құлағын аяздан қорғау үшін құлаққап жасайды.
12. Мәтіндегі негізгі ақпаратты табыңыз. А) Коньки тебе алу да өнер.
В) Честер – өнертапқыш атанды.
С) Аяздан қорғайтын зат тіктірді.
Д) Құлаққа арналған бұйым жасалды.
4-мәтін Ақылжан Көкшетау қаласында орта мектепті бітіріп, Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Республикалық әскери мектепте білім алды. Алғашқы лейтенанттық әскери шенін Елбасының өз қолынан алған. Ол бүгінде Қазақстан-Қырғыз шекара бөлімшесінің «Жасыл төбе» шекара отрядының командирі болып қызмет етеді. Әйелі Айдана – математика пәнінің мұғалімі.
Ұзын бойлы, жинақы жүрісімен Ақылжан өзінің әскери адам екенін бірден аңғартады. Ол таңертең ерте тұрып, дене шынықтыру жаттығуларын жасайды.Күні бойғы әскери тәртіп пен жауынгерлік сабақтар Ақылжанды шаршатқан емес.