4-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 13.Сұраққа жауап беріңіз. Ақылжан қайда жұмыс істейді? А)білім саласының маманы
В) әскери мектептің мұғалімі
С) дене шынықтыру мұғалімі
Д) шекара отрядының командирі.
14.Тақырыпқа қатысты ұғымды табыңыз А) туған жер
В) әскери тәртіп
С) мектеп басшысы
Д) дене жаттығулары
15.Растаңыз немесе жоққа шығарыңыз Айдана Т. Бигелдинов атындағы мектепті бітірген.
А) рас
В) жалған
С) мүмкін
Д) ақпарат жоқ
16.Сөйлемді толықтырыңыз. Ақылжан қазір ...қызмет етеді.
А) шекара бөлімшесінде
В) шахтерлер қаласында
С) Республикалық әскери мектепте
Д) математика пәнінің мұғалімі болып
17. Сұраққа жауап беріңіз. Лейтенанттық әскери шенін кімнің қолынан алды?
А) Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
В) «Жасыл төбе» шекара отряды командирінің
С) Т.Бигелдинов атындағы мектеп директорының
Д) Қазақстан-Қырғыз шекара бөлімшесінің бастығының
5-мәтін Кубик Рубик Кубик Рубик ойыншығы ең алғаш рет 1974 жылдың мамыр айында жарық көрді. Будапештік Эрне Рубиктің бұл жаңалығы қаладан асып, елге тарап, осылайша 1975 жылы алғаш рет ойыншық дүкендерінде сатыла бастады. Бұл жылдары «сиқырлы кубик» деп аталған ойыншық уақыт өте әлемге тарап, оған деген сұраныс арта берді. Ойыншықты әлемнің зерттеушілері құрастырушының атымен атауды ұсынды. Осылайша, «сиқырлы кубик» 1980 жылдан бастап автордың құрметіне орай «кубик Рубик» деген атауға ие болды.Рубиктің кубигі 1980, 1981 жылдың ең үздік ойыншығы атанды. Ойыншықтың осы уақытқа дейін шамамен 350 миллион данасы сатылды.
5– мәтін бойынша тест тапсырмалары 18. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз. Кубик Рубиктің ойыншығы ... .
А) сұранысқа ие
В) ұмытылып қалды
С) Будапеште шығарылады
Д) жылына 350 миллион дана сатылады