Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


Зерттеу жұмысының практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет10/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы
. Қоғамдағы 
мемлекеттік 
тіл қызметі мен тілдік жағдаяттың айқын көрінісі болып табылатын баспасөз 
тілінің лингвокогнитивтік аспектісіне мән беру қазіргі қоғамдағы тілдік 
қолданыс прагматикасына қатысты диссертацияның практикалық маңызын 
айқындайды: рухани-әлеуметтік жаңғыртуларға сай тілді жаңа деңгейге 
көтеретін ежелден қалыптасқан ұлттық таным мен ой-өрістің мәнін заманауи 
мемлекеттік мүддеге ұластыру; қоғамның түрлі саласындағы кәсіби сөздік 
қордың жаһандану үлгісін зерттеу; оны тіл иесі санасымен байланыстырып, 
біріздендіру; төл ғылыми тілде сөйлету т.б. 
Зерттеу нәтижесі ретінде берілген қазақша-түрікше және түрікше-қазақша 
сөзтізбе материалдарын күнделікті қоғамдық-әлеуметтік қолданыс тәжірибесін 
кеңейтуде, түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор мен қазақ тілінің ұлттық 
корпусын түзуде, түркі тілдерінің салыстырмалы, терминологиялық, 
лингвомәдени т.б. сөздіктерін құрастыру барысында қолдануға болады. 
Зерттеу барысында қарастырылған тілдік деректер мен соған қатысты 
жасалған тұжырым-түйіндер қазақ тіл білімінің лексикография, неология, 
неография т.б. салаларын жетілдіріп, қалыптастыруға өзіндік үлес қоса алады. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
:
- алғаш рет қазақ және түрік тілдерінің ішкі әлеуетіне сүйеніп жасалған, 
жаңару үдерісі нәтижесінде қалыптасқан жаңа қолданыстар өзара 
салыстырылды;
-
алғаш рет белгілі бір кезеңдегі (1995-2015 жж.) қазақ және түрік 
баспасөзінен жинақталған жаңа қолданыстардың лингвокогнитивтік негіздері 
салыстырылып, зерттелді;
-
алғаш рет жаңа атаулардың санадағы жаңару үдерісімен байланысы қазақ 
және түрік тілдеріндегі газет мәтіндерін қазіргі тілдік-әлеуметтік жағдаятқа сай 


10 
тіл~қоғам, тіл~мәдениет, тіл~ғылым // техника, тіл~бизнес, тіл~экономика, 
тіл~жаһандану, тіл~дін (имандылық) 
сабақтастығында талдау арқылы ашылды;
-
жаңа қолданыстардың екі ел лексикасына қабылдануына ықпал еткен 
экстралингвистикалық факторлар көрсетілді;
-
қазақ және түрік баспасөзінде шеттілдік баламаларды қолдану үрдісі 
жаһандану заманының антропоөзектік сипаты ретінде дәйектелді;
-
қазақ және түрік медиабейнесіндегі танымдық-ақпараттық құрал 
ретіндегі жаңа қолданыстарда ұлттық кодтың сақталу белгілері, кумулятивтік, 
прагматикалық сипаты ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан алғаш рет талданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет