зияпат, алғытөлем
терминдері ұсынылып бекітілген, алайда норма дәрежесінде –
банкет, аванс
);
жазба коммуникацияда, ресми-әскери стильде жиі қолданысқа түскен жаңа
атауларды (
жаһандану, ғаламтор, әуежай, сынып, өсімдікжай
); авторы белгілі
бірқолданыстарды (окказионализмнің кейбірі нормаға айналады:
мұражай
(Ш. Уәлихановтың
музей
терминінің орнына ұсынған эквиваленті); қазақ тілінің
сөзжасам заңдылығына қайшы жасалған, мағынасы белгілі бір заттың, ұғымның,
құбылыстың ұғымдық ақпаратына сәйкес келмейтін жаңа сөздерді; өзге
тілдерден енген терминдік аталымдарды (
имиджмейкер, менеджер
) қамтиды»
[14, б. 3]. Себебі,
«терминдер
мейлінше
сұрыптаудан
өтіп
барып
жасалатындықтан, олар тез нормаланады, қолданыс аясына тез сіңіседі, сөйтіп
тіл (язык) фактісіне айналады.» [14, б. 4].
Жоғарыда көрсетілгендей, жаңа қолданыстардың қалыптасу, даму
деңгейіне қатысты белгілі бір тілдік тұлғалар жасаған окказионал сөздер мен
әлеуетті (потенциалды) сөздердің де мәні ерекше. Жаңа қолданыстарды
танымдық аспектіде қарастырған осы тектес жұмыстарда тілдің рухани-
әлеуметтік қызметіне сай жаңғырған, тосындық сипатта
жасалған сөздердің көбі
тіл тұтынушысы мен тілдік тұлға санасында үндессе, ол кең өрісті қолданысқа
ұласады деп санаймыз.
Сонымен, профессор А. Алдашева жаңа қолданыстарды онымен қатар
қолданылатын өзге лексикалық единицалардан ажыратып, әрқайсысының
ұғымдық мәнін жіктеудің екі түрлі межесін атап көрсетеді: жаңа қолданыстың
пайда болған мерзімін анықтау; қолданылған өрісін белгілеу.
24
Тіл қорының ішкі даму заңына сүйеніп, осылайша жаңалануы оны әрекетке
келтіріп отыратын қозғаушы күш ретіндегі қоғамдағы әлеуметтік,
экономикалық, саяси, мәдени жағдайлар, яғни күн сайын туындап жатқан жаңа
ұғым, жаңа зат, құбылыстарды игеру қажеттілігімен байланысты.
Осыған байланысты профессор
А.
Алдаш зерттеуінде жаңа
қолданыстардың бір-бірімен өзара байланысты тілге сәйкестілігін анықтаған 3
қағидасы негізінде қазақ-түрік жаңа қолданыстары салыстырылды:
1. Өзектілік-қажеттілік принципі
- қазақша:
жарғы,
ақпарат,
мемлекеттік кеңес
т.б.;
- түрікше:
tüzük
,
bilgi
,
danıştay
т.б.
2. Сәйкестілік принципі
- қазақша:
отбасы / әулет / жанұя
т.б.;
- түрікше:
taraftar/ hayran / spor hastası
т.б.
3. Эстетикалық принцип
- қазақша:
салғыласу → пікірталас
,
аларман → сатып алушы
т.б.;
- түрікше:
kitapçık
→
broşür
(брошюра),
yapım → prodüksiyon
(өндіріс) т.б.
[15, Б. 33-34].
Тіліміздегі жаңа атаулар мәселесін арнайы зерттеген ғалымдардың бірі –
Қ. Қадырқұлов неологизмдерді «жаңа сөз» және «жаңа сөз қолданыстар» деп екі
топқа бөледі: «Бұндағы «жаңа сөздер» дегеніміз – жаңа мазмұн мен жаңа
формада тілімізге басқа тілден өзгеріссіз не дыбыстық өзгерістерге ұшырап
енген сөздер. «Жаңа сөз қолданыстар» дегеніміз – жаңа мазмұны мен ескі
формада немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген сөздердің
жаңаша қолданысқа түсуі» – дейді [16, б. 23].
Ғалымның жаңа сөздердің (яғни неологизмдердің – А. Б.) жаңа
қолданыстардан айырмашылықтарын жіктеп көрсеткен қағидасы зерттеу
жұмысының әдістанымдық негізі ретінде пайдаланылды:
1. «Жаңа сөздер» мазмұны мен формасы жағынан бір-біріне сай жаңа
тұлғада келеді. Қабылдаушы тілдің заңдылығына мойынсұнбайды.
«Жаңа
қолданыс» – тілдің ішкі заңдылығынан туындайтын құбылыс. Тілдік амал-
тәсілдерді қолдану арқылы өзімізде бар сөздерді «жаңа сөздердің» орнына қою
– «жаңа қолданыс» үдерісі.
2. «Жаңа сөздердің» варианттары болмайды. «Жаңа қолданыстар» «жаңа
сөздің баламасы» ретінде тілімізге енгенше бірнеше нұсқада ұсынылып, соңында
біреуі ғана әдеби тілге енеді (
ықшамаудан – шағын аудан – мөлтек аудан
т.б.).
3.
«
Жаңа сөздердің» жасалу жолдары болмайды, олар тілге дайын күйде
келеді. Осы күнге дейін зерттеу еңбектерінде ұсынылып келе жатқан әдістер –
«жаңа сөздің» емес, «жаңа сөз қолданыстардың» жасалу жолдары [17, б. 130].
Ғалымның пікірінше, жаңа қолданыстың тілімізде пайда болу үдерісі тіл
заңдылығына сүйеніп, тіл тазалығы мен таным сабақтастығын сақтау мүддесін
көздейді. Демек, жаңа қолданыс дегеніміз – жаңа ұғымға байланысты санада
жаңғырып, тілдің өз әлеуетінен, қазақ тілінің төл түбірлері мен жұрнақтарынан
жасалған жаңа сөз немесе сөз тіркесі.
25
Ал неологизм дегеніміз – тілімізге орыс немесе шет тілдік формамен еш
өзгеріссіз тікелей енген жаңа сөз немесе сөз тіркесі. Яғни жоғарыда зерттеуші
Қ. Қадырқұлов айтып отырған жаңа сөздер – неологизмдер.
Көріп отырғанымыздай, неологизм мен жаңа қолданыс терминдері бір-
біріне жақын болып көрінгенмен, екеуінің бір-бірінен айырмашылығы көп.
Екеуінің арасындағы айырмашылықтар қолданыстағы мысалдардан айқын
көрінеді. Мысалы, қазақ тілінде:
террорист
– неологизм,
лаңкес
– жаңа
қолданыс;
презентация –
неологизм
, тұсаукесер
– жаңа қолданыс
; акция –
неологизм
, жарна қағазы –
жаңа қолданыс
; коронавирус –
неологизм
,
тәжтажал –
жаңа қолданыс т.б.
Түрік тілінде:
bestseller
(бестселлер) – неологизм
, çok satan
– жаңа
қолданыс;
trend
(тренд) – неологизм,
eğilim –
жаңа қолданыс;
marketing
(маркетинг)
–
неологизм,
pazarlama –
жаңа қолданыс,
selfie
(селфи) – неологизм,
özçekim
– жаңа қолданыс т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |