Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет15/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

бек
, кандидатты – 
үміткер
, парламентті – 
құрылтай
, президентті – тек қана 
елбасы
, министрді – 
уәзір, нәзір
, конституцияны – тек қана 
Ата заң
, дивизияны – 
уән,
корпусты – 
түмен
деп қазақша атау керек» сияқты пікірлердің айтылып, бұл іспеттес 
қазақша баламалардың кейбіреулерінің ішінара қолданылып жүргеніне (мысалы, 
«Ана тілі» мен «Қазақ елі» газеттері «редактор» сөзін – 
сарашы
, «Рауан» баспасы 


20 
мен кейбір газеттер «класс» сөзін – 
сынып
деп қолданып жүргеніне) назар 
аударады.
Сонымен қатар академик Р. Сыздық «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен 
жаңалықтар» (2009) атты еңбегінде таза ғылыми терминдерді былай қойғанда, 
«көпшілік қолды» әлеуметтік, саяси, экономикалық салалардағы атаулардың да 
біразын сол күйінде қолданудың объективті себептерін нақты көрсетеді [11, б. 
227]. Ғалымның ойынша, жоғарыда көрсетілген белгілерге сай жасанды тұлға 
қазақ тілінде сөз мағынасын толық бере алмайтын болса, онда шет тілдік 
терминді қазақшаға аудармауға болады: 
маргарин

рентген, бомба, робот, 
шприц, наркоз 
т.б. Бұл ойдың қазіргі таңдағы қолданыс тәжірибесіне де тікелей 
қатысы бар екенін көріп отырмыз.
Ал, 90-жылдардың қоғамдық-экономикалық өмір шындығына сай белсенді 
қолданылған 
приватизация
сөзінің «өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді т.б. 
мемлекет меншігінен алып, жеке меншікке беру» деген мағынасын қазақтың 
жекешелендіру
сөзі бере алатындықтан, бұл сөз түсінікті, тілдік санада 
бұрыннан бар ұғыммен сабақтасқан, қазақша термин болып шыққаны туралы 
пікірі де көп нәрсені түсінуге көмектеседі.
Бұған ғалым көбіне нақты зат, бұйым атауларын, сондай-ақ кәсіп, 
мамандық иелері атауларын дәлел ретінде келтіреді: 
ұшақ, әуежай, мекенжай, 
күнпарақ, төраға, белгітас, жолақы, шәкіртақы, төлқұжат, төсбелгі, сазгер, 
аспаз, мәмілегер
т.б. 
Осы бағыттағы зерттеулерде анықталғандай, тілімізде әбден қалыптасқан 
оттегі, өсімдік, өнеркәсіп
т.б. сөздер де, бүгінгі қолданыста әбден орныққан 
бағдарлама, зейнетақы
т.б. да тіл қолданысындағы түсініктілік, қолайлылық 
қағидасына сәйкес келеді. Тілде жасанды жаңа сөз шамадан тыс көбейіп кетсе, 
әрі түсініктілігі қамтамасыз етілмей ұсынылса, сәтсіз қолданыс ретінде көпшілік 
наразылығын туғызатыны күнделікті тәжірибеден байқалады.
Дегенмен «ғылыми терминология мен кейбір саяси-әлеуметтік, 
адамзаттық өркениетке ортақ мазмұнды сөздердің халықаралық қордан 
алынғандарының бәрін бірдей қазақшалап, қайтадан жасаудың реті бар ма?» 
деген мәселе қоғамда әлі күнге дейін талқылануда. Осыған байланысты мұндай 
ұғымдардың халықаралық тұлғаларының орнына жасанды сөздерді ұсынып, төл 
тұлғамен шектеліп қалсақ, бұл жағдай «жаһандану заманында әлемдік білім-
ғылымнан оқшаулануға алып келуі мүмкін» деген пікірлер де айтылады. 
Сондықтан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай әлеуметтік-қоғамдық 
қызметін жандандыратын лексиканың өзекті саласының бірі терминология және 
онымен сабақтас жаңа қолданыстар проблемасы – жан-жақты талдап, жіктеп, 
қарастырып, жасалу принциптерін нақты түрде айқындап белгілеуді қажет ететін 
күрделі мәселе. Соның барысында қазақшалау, баламасын жасау, фоно-
морфологиялық интерференция т.б. мәселелер жаңа қолданыс проблемасымен 
сабақтас қарастырылады.
Қазіргі қоғамдағы номинативтік белсенділіктің басым көпшілігі адам 
қызметінің әлеуметтік, интеграциялық, ғылыми-техникалық және мәдени 
салаларымен тығыз байланысты. Осыны ескере отырып, тіл ғылымы дамуының 


21 
қазіргі жаңа кезеңінде олардың функционалдық мәнін ашу мен 
интралингвистикалық және әлеуметтік-мәдени мазмұнын жан-жақты зерделеу 
қажеттілігі барған сайын айқын көрініп отыр.
Бұл тәсіл өзектілігі, әлемдік қоғамдастықтағы жаһандық ақпараттандыру 
жүйесіндегі интеграциялану үдерісі мен жеделдету сипатын түсіндіретін 
мәдениет жаһандануына байланысты айқынырақ көрінуде. Сондықтан, қазіргі 
тілімізде ғылыми ұғымдардың жаңа сөзбен айтылған коммуникативтік қызметі, 
оның тілдік көрінісінің лексикалық жүйе орталығымен байланыс сипаты тіл 
тұтынушысы танымымен сабақтасады: 
босаралық
(лингв. сөздердің бөлек 
жазылуын көрсететін графикалық таңба), 
ғалам // әлем // дүние, жағдаят, 
хикаят, мәтін, қағида, үрдіс, үдеріс, шаршытоп 
т.б. 
Жаңа лексикалық бірліктерді зерттеудің танымдық аспектілері әлемнің 
лингвистикалық және мәдени бейнесінің өзара әрекеттесу жолдарын анықтау 
және лингвомәдениаралық коммуникацияны жүзеге асыру үшін неологизмдерді 
тұжырымдамалық талдауға көмектеседі. Осыған байланысты диссертациялық 
зерттеу барысында неологиядағы лингвомәденитанымдық тұрғыдан қарауға 
бағытталған еңбектерге назар аударылды. Оларда неологизмдер 
тіл~мәдениет, 
тіл~ұлт
сабақтастығы негізіндегі тілдік даму «айнасы» іспетті қоғамдағы 
жаңару үдерісінің құралы ретінде қарастырылады да, тілдік санада мәдениет пен
адам қызметінің тілдік бейнесі қалыптасады.
Осы жағдай экономикалық салада қазақ тілінде де салалық сөздіктер 
арқылы жаңа номинативті парадигмалардың пайда болуына әкелді:
оңтайландыру, өсім, түсім, нарық, кеден, сырқат кәсіпорындар, қазыналық 
кәсіпорын, кешенді сауықтыру, ірі кәсіпкер, шағын бизнес, көтерме сауда, 
бөлшек сауда, жаппай сатылым, өсімпұл, жарналық қор, үстемақы, төлемақы, 
құнсыздану, бәссауда, алып-сатарлық, мердігер 
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет