Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет35/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Tarihi, ruhi 
секілді сөздерге –
sal/–sel
жалғауын жалғау арқылы 
tarihsel, ruhsal 
формасында жасалған сөздер таза түрікше мағынаға ие болмады. 
Hayati 
сөзінің 
орнына түрікше түбір мен жалғаудан тұратын 
yaşamsal 
сөзін қолдану да бір 
реттен артыққа ұзамады. Себебі бұл сөз ойлау, қабылдау жағынан жат болып 
қала берді. Ең маңыздысы – өз ана тіліңде ойлау» [56, б. 18].
Демек, түрік тіліндегі жаңа қолданыстарды қалыптастыру ерекшелігі 
ретінде олардың тіл иесі санасында толық қабылданып, тұрақтануындағы 
әуезділік, құлаққа жағымдылық, ана тіліндегі ойлау жүйесімен үндестік сияқты 
факторларды атап өтуге болады.
Міне, осындай пікірлер мен таласты мәселелер Мәдениет министрлігі 
ұйымдастыруымен 25.09.1990-28.09.1990 арасында өткен «I-ші Түрік тілі 
құрылтайында» талқыланып, мынадай қаулы шығарылды: «Құрылысы мен түрік 
тіліндегі мағынасы сәйкес келмейтін, бірақ тілге берік орналасып алған 
терминдер қате деп саналып, бұдан кейін терминжасам кезінде түрік тілінің 
дыбыс, құрылыс және мағына ерекшеліктері негізге алынсын» [153, Б. 232-236]. 
Яғни «жаңа сөздер – жаңа қолданыстар түрік тілі ережелеріне сай жасалуы 
қажет» деген ұстаным түрік тіліндегі терминжасам негізіне алынды.
Әлемдік ақпарат және түрлі ой-тұжырымдардан хабардар ету мақсатында 
аударылған түрлі ғылыми, мәдени шығармалармен
түрік оқырманын таныстыру 
барысында қиындық туғызған мәселелердің бірі аудармадағы терминдерге 
байланысты.
Түрік лингвисі Эмин Өздемир «Terim Hazırlama Kılavuzu» (Термин түзу 
нұсқаулығы) (1973) атты еңбегінде кейбір ұғымдарды тәржімалау тәжірибесінде 
кейбір аудармашылардың сол ұғымды білдіретін сөздің шетелдік формасын 
алуға мәжбүр болып, ал кейбір аудармашылардың өз бетімен тілдік қолданыста 
жоқ жаңа сөздер жасап шығарып, оны өз шығармаларында, оқулықтарда 
пайдаланғаны да кездесетінін атап көрсетеді
[154].
«Бұл жайт терминологиядағы жүйелілік мәселесін шешуді қажет етеді. Ол 
үшін қолданысқа шығарылатын терминдерді стандарттау қажет. Бұл үшін жаңа 
атауларды неғұрлым көп сала мамандарына ұсынып, неғұрлым көп сын-пікір 
алынса, соғұрлым жақсы болар еді. Соның арқасында ең көп мақұлданған сөздер 
қабылданып, көпшілікке ұсынылар еді. Осылайша, терминология саласындағы 
ала-құлалықтарға жол берілмес еді. Бұған «Түрік тілі қоғамы» қолдауымен бүкіл 


57 
қоғамдық құрылыстар мен қорлар атсалысу керек» [155, Б. 19-20] сияқты ой-
пікірлер жан-жақтан айтылуда. 
Университеттер, түрлі ресми және бейресми тіл мен мәдениетке қатысты 
ұйымдар мен қоғамдар білім беру саласы мен оқу орындары оқулықтарындағы 
осындай жөнсіздіктерді түзеу ісіне барынша атсалысуда. Осындай белсенді іс-
шаралар нәтижесінде жаңа қолданыстар қоры да артып, аудармашылар оларды 
өз тәжірибелерінде пайдалана бастады.
Бірақ бұл шаралар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Себебі 1940 жылдары 
Түркияда қызу қарқынмен басталған терминдерге байланысты жұмыстар соңғы 
кездері едәуір әлсіреп кетті. Мұны қазіргі түрік қоғамындағы күннен-күнге 
артып отырған жаңа ұғымдар мен жаңа атаулардың даму үрдісімен 
байланыстырсақ, бұл мәселенің күрделілігін, өз ойын ана тілінде жеткізуге 
талаптанушылардың саны күн санап азайып келе жатқанын түсінер едік.
«Түрік тілі қоғамы» қазіргі таңда, 2018 жылы да, өз қызметін осы бағытта 
жалғастыруда – ғаламтор және БАҚ арқылы шет елдік сөздерге жаңа баламалар 
мерзімді түрде ұсынылуда [156]. Алайда қазіргі таңда мыңдаған веб-сайттары, 
500-ден астам телеарнасы бар Түркия үшін бұл іс-шаралар жеткіліксіз болып 
отыр. Ғаламдастыру үрдісі барысында түрік тілін шет елдік тілдер ықпалына 
итермелейтін факторлар:
жаһандану заманында қарқынды дамып отырған 
ғылым, өнер, мәдениет және ақпарат ағымы өзекті мәселе болып отыр.
Осы орайда танымал профессор, тілші, жазушы Джахит Кавджардың түрік 
тілін сақтап қалуға байланысты ұсынған және түрік қоғамында кеңінен 
талқыланған мына ұсыныстары көңіл аударарлық:
1. «Алдымен түрік тілі!» ұраны көкейіміз бен көңілімізде орнығу керек, біз 
әркімді түрік тілін үйреніп, қолдануға үгіттейміз; 
2. «Алдымен түрік тілі!» ұранына сәйкес жеке және қоғамдық сана-сезім, 
тілдік сезім және ана тілі түсінігін қалыптастыру керек. Бұл мәселе баршамызға 
міндет жүктейді. Негізгі жауапкершілік – ресми және бейресми білім беру 
мекемелеріне; жазбаша, ауызша және көрнекі БАҚ, өнер адамдары, жазушылар 
мен зиялы қауымға жүктеледі; 
3. Әсіресе зиялы қауым шетелге және шет тілдік сөздерге деген 
құштарлығынан арылу керек; 
4. Шет тілін үйрену мен шет тілде оқыту арасында үлкен айырмашылық 
барын жақсылап түсіндіру керек. Мектептерімізде жүріп жатқан шет тілін оқыту 
ісі әлі де өте өнімсіз екенін ескере отырып, шет тілін өнімді әрі тиімді оқыту үшін 
тиісті шаралар уақытылы қабылданып, шет тілде оқытуды мүлдем тоқтату керек. 
5. Шет тілін тиімді оқыту үшін, жоғары оқу орындарында алғашқы жылда 
шағын топтар құрып, білікті оқытушылар үшін «шет тілі дайындық сыныбы» 
ұйымдастырылып, келесі жылдары «кәсіби шет тілі» дәрістерін өткізу тиімді 
шешім болар еді. Анкара Университетінің TÖMER арқылы жүзеге асырып 
отырған дайындық сыныптары негізге алына алады;
6. Түрік тілінде білім берудің барлық деңгейде тиімді әрі өнімді болуын 
қамтамасыз етуге тырысу керек. Бұл маңызды мәселе уақытша министр немесе 
үкімет саясаты ретінде емес, қатаң әрі өзгермейтін мемлекеттік саясат ретінде 


58 
қабылдану керек. Негізгі мәселе – тиімді әрі саналы түрде ана тілінде білім беру. 
Ана тілін жақсы білу шет тілін жақсы меңгерудің алғышарты екенін ұмытпау 
керек; 
7. Бұл оңай шаруа болмаса да «тілдік кеденге» тезірек өту керек, үстем тіл/ 
тілдерге төтеп беру үшін жаңа сөздер мен терминжасамға ерекше мән беріліп, 
бұл іске түрлі сала мамандарын да қатыстырып, бұл бағытта қарқынды жұмыс 
істеу керек; 
8. Тіл мәселесінде ықпалы мықты мамандықтар педагогтар мен мұғалімдер 
екенін ескере отырып, ең алдымен түрік тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен бастап, 
барлық ұстаздардың ана тілге деген құштарлығы мен санасын оятуға ерекше мән 
беру керек; 
9. 1937-1980 жылдардағы № 5237 муниципалдық кірістер туралы заңның 
21-бабына сәйкес әр түрлі мекемелердің есіктеріне ілінетін маңдайшалардағы 
жазулар түрікше болуы керек еді. Бұл заңның қолданыстан шығарылып, 
шарттардың өзгеруі жағдайды қиындатты. Аталмыш заңды қайтадан енгізу 
орынды болар еді; 
10. Түрік тілін артта қалудан қорғап, құтқару үшін жалпы және құқықтық 
реттеу мақсатымен дайындалған «Түрік тілін қолдану туралы заң» жобасы, тіл-
түсіну және бұл мәселеге көзқарас тұрғысынан қажетті түзетулер мен реттеулер 
жасалып, тез арада қабылдануы тиіс; 
11. Кез-келген елдің мәдениеті мен тілін бөлек қарастыруға болмайды. Тіл 
елдің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және технологиялық құрылымы мен 
ерекшеліктерімен тығыз байланысты және олардан бөлек қарастырыла алмайды. 
Егер біз бір өнім немесе көлікті өзіміз шығармай оны сырттан сатып алсақ, 
демек, тек оны емес, оның атауын және оған қатысты терминдерін де алуға 
мәжбүрміз [157, б. 152]. 
Қазіргі түрік тілін, оның сөздік қорын күрделі тарихи және 
социолингвистикалық үдерістің жемісі ретінде қарасақ, кей кездердегі тілдің 
спонтандық дамуы қоғамның саналы түрде араласуымен іске асса, кейде 
бәсеңдесе де, тоқтамастан жалғасқан тіл реформасымен ұштасып жатқанын 
көреміз. Бүгінгі таңда түрік тілінің стильдік жүйесі айқындалып,
терминологиялық жүйесі жинақталып, негізінен, ұлттық түрік тілі қалыптасты. 
Дегенмен түрік тілі лексикасы мен терминологиясын жинақтауға бағытталған 
өнімді жұмыстарға қарамастан, түрік тілінің бірқатар функционалдық стилінде, 
кәсіби салаларда (медицина, юриспруденция, әскери қызмет т.б.) қазіргі заманғы 
түрік және халықаралық терминдермен қатар көне араб-парсы сөздері қатар 
қолданылып жүр.
Қазіргі түрік тілі сөздіктерін құрастырушылар әдеби 
түрік
тілінде кездесетін мұндай жарыспа қолданыстарды лексиканы мейлінше толық 
келтіру мақсатында көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет