Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет32/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100
yarbay, 
albay, astsubay, subay, tugay,
er, teğmen, orgeneral, korgeneral, yüzbaşı, binbaşı
сөздері түрік тілінде әскери шен аттарын білдіреді. Бұларды Ататүріктің өзі 
ойлап тапты» [135].
Жалпы, Ататүрік «-ай»-ға бітетін сөздерді ұнатыпты. Кезінде екі әскери 
суасты кемесінің атын өзі қойыпты: 
Yıldıray
және 
Saldıray
[132].
Сондай-ақ, жоғарыда айтылғандай, жан-жақты ұлт көсемі Ататүрік 1936 
жылы таза түрікше атаулардан тұратын 48 беттік «Геометрия» (1936) кітабын 
жазып шыққан. Тілші ғалым Агоп Дилачар аталмыш кітаптың алғысөзінде 
былай дейді: ««Геометрия» кітабын Ататүрік қайтыс боларынан бір жарым жыл 
бұрын, Үшінші түрік құрылтайынан кейін, 1936-1937 жылғы қыс айларында 
Долмабахче сарайында өз қолымен жазып шықты» [136, б. 5]. 
Соның арқасында түрік тіліне көптеген таза түрікше геометрия термині 
енді: 
açı, açıortay, alan, artı, beşgen, boyut, bölü, çap, çarpı, çekül, çember, dış ters 
açı, dikey, dörtgen, düşey, düzey, eğik, eksi, eşit, eşkenar, gerekçe, iç ters açı, ikizkenar, 
kesit, konum, köşegen, oran, orantı, paralelkenar, taban, teğet, toplam, türev, uzam, 
uzay, üçgen, varsayı, yamuk, yatay, yöndeş
т.б. [133, б. 16].
Түрік тілі терминологиясының қалыптасуына қатысты еңбектер мен 
пікірлерге ғылыми шолу жасаған белгілі тілші-ғалым, профессор Камиле 
Имердің еңбегінде бұл саладағы қарқынды кезең өткен ғасырдың 1934-
1950 жылдары – терминдер мәселесінің өркендеп, қолға алынған кез деп 
көрсетіледі [57, б. 104].
Түрік лексикасының дамуы туралы көрнекті түркітанушы-терминтанушы 
ғалым Хамза Зүлфикар: «Соңғы елу жыл ішінде тілдің барлық саласын қамтыған 
пікірталастар арасында жаңадан жасалған сөздер мәселесіне, яғни жаңа 
қолданыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Шығыстан шыққан ескі сөздердің орнына 
жаңа сөздер қолдануды керексіз деп ойлағандар, әлеуметтік тіршілікпен тікелей 
байланысты тілге зиян келетінін, дүниедегі ешбір тілдің таза еместігін, 
сондықтан да түрік тілінде де түбірі шет елдік сөздердің болуы мүмкін екендігін 
тілге тиек етті. «Сонда мыңдаған шет елдік сөздер мен жалғаулардан тұратын 
көне түркі әдебиеті әдебиеттен тыс қала ма?» деген сұрақтар туындап жатты. 
Тіпті, «жаңадан жасалған сөздер жасанды, әркім енді жаңа сөз жасауға кіріседі, 
сондықтан да грамматикалық ережелерге сай келмейтін, қате сөздердің пайда 
болу қаупі бар» деген пікірлер де айтылды. Түрік тілінің дамуына қатысты осы 
секілді сан қырлы пікірлер әлі де жалғасуда. Бірақ бұл мәселе түпкілікті өз 
шешімін тапты деп айтуға болмайды. Жасалған дайын сөздер – жаңа 
қолданыстарды ұнатпаушылардың өздері де бұл мәселеге дұрыс шешім табуға 
нақты үлес қоса алмады. Ал, түрік тілін тірі, даму үстіндегі, сөз тудырушы тіл 
деп санайтындар болса, жаңа қолданыстарды жасаудың дұрыс бағыт-бағдарын, 


51 
түрік түбірлерінен жаңа сөз тудырудың дұрыс үлгілерін көрсете алмады» деп 
атап көрсетті [56, б. 15].
Терминдерді түрік тіліне аудару қажеттілігін тілдегі жаңару үрдісімен 
байланыстырып, өзектілігін көрсеткен – әдебиет, тіл және мәдениет саласындағы 
тың пікірлерімен танымал болған әйгілі әдебиеттанушы, профессор Мехмет 
Каплан.
Біздің ойымызша, М. Капланның «Мәдениет және тіл» кітабында айтқан 
мына тұжырымы атап өтерлік: «Жаңа ұғымдар үшін жаңа сөздер жасау мен түрік 
тіліне кіріп, сіңіп кеткен шет елдік сөздерді түрік сөздерімен алмастыру 
үдерістерін бір-бірімен шатастырмаған жөн. Ғылым, техника, әдебиет, өнер, 
философия салаларына мыңдаған сөздер қажет. Бұлардың түрік сөздерінен 
жасалғаны абзал. Бұл жұмыстарды атқаратын азаматтарды барынша 
қолдауымыз керек. Түрік тілінде жоқ бір ұғымға түрік тілінде балама тауып, оны 
түрік мәдениетіне енгізу – мақтауға тұрарлық іс. Осылайша, түрік тілі жаңа сөз 
бен жаңа ұғымға ие болады...» [137, б. 49]. 
М. Каплан бұл ойларын «Хисар» журналында былай деп жалғастырған: 
«Бүгінде ғылыми шығармаларды пайдаланатын түрік ғалымдарының кітаптары 
Батыс тілдерінен алынған мыңдаған сөздерге толы. Өкінішке қарай, бұл 
үйреншікті жағдай. Алайда, қолымыздан келгенше терминдердің түрікше 
түбірлерден жасалған жаңа сөздермен алмасқанын қалаймын... Бұл жұмыстар 
Түркияның ғылым мен техника саласының дамуымен қатар қолға алынбаса, 
бұлар араб және парсы сөздері секілді тілімізді жаулап алады. Ғылым мен 
техника саласынан мәдени тілге, содан кейін күнделікті сөйлеу тіліне сіңіп 
кететін жаңа сөздер, бара-бара түрік тілінің ішкі құрылысын бұзады» [138]. 
Жаңа қолданыстарды зерттеген және «Uydurma Olan ve Olmayan Yeni 
Kelimeler Sözlüğü» (Ойдан шығарылған және шығарылмаған жаңа сөздер сөздігі) 
(1979) атты кітаптың авторы Фарук Кадри Тимурташтың
терминдер мәселесіне 
қатысты пікірлері М. Капланмен үндес келеді.
Осы сөздіктің алғысөзінде ол жаңа сөздер туралы ойын былайша 
түйіндейді: «Түрік тілі даму үстінде, жаңа сөздер қоры да жаңарып, өзгеріп 
келеді. Жаңа сөздер жасау қажеттілігі әлі де көп уақыт бойы сақталмақ. Жаңа 
сөздердің тілдің ішкі құрылысы мен заңдылықтарына сай жасалуы негізгі мәселе 
болып отыр. Тіл мамандары мен ғалымдардың бұл мәселені шешуде бізге 
көмекке келуі – олардың қасиетті парызы...» [47, б. 8].
Белгілі түрік қаламгері, әдебиеттанушы әрі публицист Агаһ Сырры Левенд
түрік тіліне батыстан енген сөздерді сынай отырып, шеттілдік терминдерге 
қатысты пікірін былай білдірді: «Шет елдік сөздерді үйрене бастаған кейбір 
жастардың «еліктеушілік» мінездері бірқатар шет елдік сөздердің сөйлеу және 
жазу тіліне енуіне жол ашты. Кейбір сөздер мен терминдердің тілімізге енуі 
түбінде бәрібір болатын жағдай. 
Телефон, телеграф, радио, пеницилин
секілді 
сөздердің енуіне қарсы ештеңе айта алмаймыз. Бұлар тіл тәуелсіздігін бұзбайды. 
Алайда, түрікше баламасы болып тұрып, немесе ол баламаны табу жолы болып 
тұрып, шет елдік сөздерді қолдану – тілге қарсы қастандық. 
Yaya kaldırım


52 
(тротуар) орнына 
tretuvar

gerçek 
(шындық) орнына 
realite
сөзін қолданудың еш 
керегі жоқ» [139, б. 32].
Ататүрік кезеңінде Түркияның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан
танымал журналист, жазушы Пеями Сафа түрік тіліндегі жаңа атауларға қатысты 
өзіндік пікірін білдірген: «Ізденсек бұл шетелдік сөздердің сәтті түрікше 
баламаларын табуға әбден болады. Бірақ бірталай зиялыларымыз бен үкімет 
мекемелерінің тілінде Еуропаға еліктеушілік сезіледі. 
İstihsal
десеңіз надан, 
prodüksiyon
десеңіз ғылыми сөйлеген боласыз. Түрікше бір сөзді грекше не 
латынша айту оны сипаттап, түсіндіріп беруге жеткілікті болып саналады» [140]. 
Пеями Сафа бұл ойларын былай жалғастырады: «
atom
(атом), 
demokrasi 
(
демократия), 
vitamin
(дәрумен), 
elektrik 
(электр жүйесі) секілді терминдер түрік 
тіліне әбден орныққан. Сондықтан оларға қатысты пікір-таластар күн тәртібінен 
шықты деп санаймын. Екінші топқа кірген: 
analogie
(аналогия), 
objektif
(объективті), 
primitif
(примивті), 
sociologie
(қоғамтану) секілді терминдер пікір-
таластарда қызу талқыланған, сондықтан «Түрік тілі қоғамы» VI түрік 
құрылтайында алынған шешімге сай олар түрік тілінің дыбыс ерекшеліктері мен 
емлесіне сай өзгертілуі керек» [141, б. 81]. 
Бұл пікірді түрік терминологиясының білгір маманы – профессор Хамза 
Зүлфикар қазіргі заманға сай былайша өрбітеді: «Уақыт пен дамудың тілге 
тигізер әсерін алдын ала болжау қиын. Кезінде Пеями Сафаның түрік тілінің 
дыбыс ерекшеліктері мен емлесіне сай өзгерту керек деп санаған 
analogie
(аналогия), 
objektif 
(объективті), 
primitif
(примивті), 
sociologie
(қоғамтану) 
секілді, көбінесе батыс тілдік түбірлес сөздердің орнына қазір 
benzeşme, nesnel, 
ilkel, toplumbilimi 
секілді түрікше баламалар табылып, кеңінен қолданыла 
бастады» [56, б. 17]. 
Реформалау барысында атқарылған негізгі шаралар нәтижесінде түрік тілі 
лексикасын, грамматикасын, стилистикасын жаңарту жолындағы «Тіл 
төңкерісінің» негізгі мақсаттары орындалды: ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл 
арасындағы айырмашылықтар азайды, әдеби тілдегі түрік сөздік қоры 70-80 %-
ға көтеріліп, түрік тілінің терминдік қоры мен стильдік жүйесін дамыту арқылы
тілдің әлеуметтік қызметінің өрісі кеңейді.
Нақтылап айтсақ, «Тіл төңкерісі» нәтижесінде түрік газет лексикасындағы 
түрікше сөздер 1932 ж. – 35 % еді, төңкерістен кейін, яғни 1936 ж. – 48 % болды, 
1946 ж. – 57 %-ға, ал 1980 ж. – 80 %-ға дейін артты [142, б. 268].
Тілдік 
реформа 
барысындағы 
түрік 
тілі 
лексикасы 
мен 
терминологиясының жаңаруы, көптеген терминологиялық және анықтама 
сөздіктердің басылуы тарихи және мәдени сабақтастықты сақтап, лексикалық 
және жарыспа атаулармен сабақтас жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет