97
ерекше мән беріліп, уәжді термин ғылыми ұғымның танымдық бейнесі, ұлттық
мазмұны ретінде бағаланады. Шын мәнінде, адам атау беру кезінде оны уәжді,
бейнелі етуге бейім тұратындықтан, мағыналық сәйкестікке мән береді. Танымға
сүйеніп жасалған ұғымдық атау уақыт өте номинациялық сипат алатындықтан,
оның уәжі түсінікті, бейнесі тез қабылданып, қисынды, қолданысқа ыңғайлы,
қолайлы болады. Сонымен, жаңа сөзжасамның, терминжасамның басты
мәселелерінің бірі – атау уәжділігі.
Тілдік жүйедегі
саптыаяқ, шалғыорақ, келісап, қаламсап, көзілдірік
сияқты немесе ономастикалық жүйедегі
Жезқазған, Теміртау, айбалта,
қолғанат, итмұрын, саңырауқұлақ, қозықұйрық
т.б. сөздердің бәрі
–
уәжділікке
негізделген, бейнелі жасалған атаулар.
Көріп отырғанымыздай, сөз мағынасының үнемі дамып отыратындығы
жаңа ұғымды атау үшін олардың қосымша мағынаға ие болуы арқылы
түрленуімен жалғасады.
Бірақ кез келген нәрсенің аты мен осы сөз бойындағы белгілердің өзара
сәйкестігі болғанымен, адам ешқашан дүние болмысын тұтас әрі толық көрсете
алмайды. Әртүрлі белгілер жиынынан тұратын ұғымды сөз өзі беретін ұғымның
бір белгісіне сай атайды. Кейде соның өзінде сол белгі дұрыс таңдалмай,
нәтижесінде ол сәтсіз жаңа қолданыстар қатарына түседі.
Мысалы:
Осыдан үш жыл бұрын
санақшы
Мақаш Тәтімов
сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кетті деген-тұғын
(«Айқын»,
10.12.2011).
Профессор Ш. Құрманбайұлы бұл жаңа қолданысты: «Мұндағы
санақшы
деген сөз «демограф» сөзінің мағынасын мүлде бермейді.
Санақшы
тілімізде
«бір нәрсенің есебін алушы, санаушы» деген мағынаны білдіреді. Яғни
санақшы
сөзі «демографтан»
гөрі «счетовод» пен «переписчик» сөздерінің баламасы
болуға лайық. Ал профессор Мақаш Тәтімов
санақшы
да есепші де емес,
демограф ғалым» деп талдайды [258].
Осы себепті бұл сөз тілдік қолданыстан шығып, қазір оның бұрынғы
орысша баламасы –
демограф
қолданылуда.
Мысалы:
Ол тізімді 1991 жылы белгілі
Достарыңызбен бөлісу: