93
қараған»),
boynuzlu yonca
(қазақша тура аудармасы: мүйізді жоңқа, қазақша аты:
«мүйізді беде») т.б.
Зерттеуші Түркмен Сейфулла түрік тіліндегі өсімдік атауларының
уәжділігін төмендегідей талдайды: «Тіліміздегі
уәжділіктің маңызы
aslanağzı
(есінекгүл) өсімдік атауына синоним бола тұра, бірнеше ұғымға омоним болған
danaburnu
(қазақша тура аудармасы: сиыр мұрны) сөзінен көрінеді.
Danaburnu
сөзі биологияда
aslanağzı
өсімдігі атының синонимі ретінде қолданылып жүрсе
де, зоологияда ол «топырақ ішінде тіршілік етіп, өсімдіктердің тамырларын үзіп,
зиян келтіретін қоңыз, тамыр жәндігінің аты». Сонымен қатар түрік
диалектілерінде
danaburnu
сөзі «саусаққа шығатын шиқан, тырнақ жегі» дегенді
білдіреді.
Dana
(қазақша: сиыр), мал шаруашылығымен айналысатын түріктер
үшін өте маңызды жануар. Сондай-ақ сиыр мықты жануар болғандықтан ол Er
Dana формасында кісі аты ретінде де қолданылды»
[253].
Көріп отырғанымыздай, қазақтар үшін жылқы малы қасиетті әрі маңызды
саналса, түріктер үшін сиыр өте маңызды екен. Уәжділігі жоғары болғандықтан,
сиырдың атын халық бірнеше атауда қатар қолданған.
Қазақ және түрік тілдерінің этнотанымдық
ерекшеліктері өсімдік
атауларына уәж болған белгілерінен айқын көрінеді.
Мысалы, жолдың шеті мен шалғындық жерлерде өсетін “
beşparmak otu
”
(қазақша тура аудармасы: бесбармақ шөбі, қазақша аты: «қазтабан шөбі»),
сыртқы көрінісі адамның ашық алақанына ұқсағандықтан осылай аталды. Бұл
шөптің басқаша уәжден туындаған қосымша бір атауы бар – “
kurtpençesi
”
(қазақша тура аудармасы: қасқыр табаны).
Жартастарда, тоғайлар мен бұталарда өсетін хош иісті гүлдері бар
“
hanımeli
” (қазақша тура аудармасы:
әйелдің қолы, қазақша аты: «ырғай»)
өсімдігі бір қарағанда “
beşparmak otu
” сияқты адамның қолына ұқсайды. Алайда
бұл жолы ақ гүлдердің нәзіктігі мен хош иісі әйел адамды еске түсіргендіктен
халық оны “
hanımeli
” (әйелдің қолы) деп атап кеткен.
Бұталар мен орманды алқаптарда өсетін, солғын қызғылт түсті гүлдері бар
жабайы өсімдіктің ашық қызыл түсті, іші түкті және дәнді жемісі құс пен
мұрынды еске түсіргендіктен ел арасында ол “
Достарыңызбен бөлісу: