Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау


Күрестің класификациясы, жүйесі және терминологиясы



бет13/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Күрестің класификациясы, жүйесі және терминологиясы

Белгілер және жүйесінің түрлері. Жүйеге арналған талаптар. Терминдер және олардың мағынасы. Терминологияға арналған талаптар (әдеби, нақты, кисындылар). Терминдердің құрылуы (әдістерінің аттарының). 1928 жылға дейін еркін күресітің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы еркін күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті. XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн еркін күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008]. Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.

Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда әлемде және еркін күрестің дами бастауы (1 кесте).


Кесте 1 – Әлемде және Қазақстанда еркін күрестің дамуы



Күрестің түрі

Әлемде дамуы

Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында

Қазақстанда дамуы

еркін күресі

1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж.

1904 ж. бастап



1950 ж. басы,

Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған



Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында (2б.10т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған. Кеңес дәуірінде еркін күрестен арнайы жарыстар өткізіліп жүрді. 1950 жылдарға дейін үш түрлі: 66 кг-га дейін -жеңіл, 82 кг-га дейін - орта және 82 кг-нан жоғары қарай ауыр салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өткізіліп тұрды. Жарыстың өту ұзақтығы белсенді. Әр белдесуге 10 минуттан уакыт беріледі. Және бір күнде төрттен артық белдесу курес өткізуге рұқсат етілмейтін болды. Әр белдесуден кейін демалуға ең аз дегенде 30 минут уақыт берілді. Жарыс арнайы әзірленген күрес кілемнің үстінде болатын болады.Кілем үстіндегі төреші палуандарды "қоян-колтық ұстастырғаннан" кейін күресті бастауға ысқырық арқылы рұқсат беріледі. Белдесу барысында ұпай саны емес, таза жеңіс қана есепке алынды. Демек, карсыластардың біреуінің жауырыны жерге тигенде гана белдесу токтатылады. Белдесу тең аяқталмайды. Екеуі тең тусіп жатса, сол 10 минут ішінде қолданған әдіс-тәсілдері ескеріліп, жеңіс ұпай санымен есептелді. Мұндай жарыстьщ нәтижесі бойынша атақ және разряд беріледі.

Спортшылардың, салмақ категориясын анықтау үшін өлшеу, жарыс басталатын күні ереже бойынша жарыстың, басталуына кем дегенде екі сағат қалғанда өткізіледі салмақты өлшеу 30 минутқа созылады. Салмақты өлшеуден жарты сағат бұрын (және жарты сағат бойына) жарысқа қатысушыларға салмақтарын ресми турде өлшеу таразыда тексеріліп көруге право беріледі. Өлшегенде кешіккен немесе келмей қалған спортшы жарыстан шығарылады. Жарысқа қатысушы өлшенген кезде өзін куәландыратын суреті бар документ көрсетуге міндетті.Жарысқа қатысушылар шешінініп өлшенеді, өлшену нәтижелері протоколға түсіріледі.Жеке және жекелей командалық жарыстарда спортшы өлшенген кезінде оған белгіленген тек бір ғана салмақ категориясы бойынша қатысуға ерікті. Спортшыларды бас төреші тағайындайды комиссия өлшейді. Ал ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бұзғанда және екінші рет сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік көрсетпегені үшін) спортшы балл бойынша жеңді деп есептеледі.

Еркін күрестің кеңес дәуірінде дейін дәстүрлі белдесу түрі 1950 жылдардан бері қарай мүлде өзгеріп кеткен. Қазір ол еркін күрес деп аталғанымен, күрес түрі, ережесі, айла тәсілдері барлығы да негізінен жапонның "дзю-до" деп аталатын күреске ұқсап шықты. Оны мынадай белгілерден байқауға болады.

Біріншіден, палуандар кілем үстіне шыққанда "қоян-қолтық ұстасып" белдеспейді, жапон күресіндегі сияқты кілем үстінде еркін жүріп күреседі. Ол бір-бірінің қай жерінен ұстаса да өз еркі.

Екіншіден бұрынғы еркін күрестен ережесінде болмаған ұпай санымен жеңісті анықтау ережесі енгізілді.

Үшіншіден, тең аяқталатын белдесу турі де 1971 жылдан бері қарай пайда болды. Бірақ төрешілер жеңісті артықша қайсарлық көрсеткен палуанға береді.

Еркін күрестен үлкен нәтижеге жеткендерге берілетін "Қазақстан спорт шебері" деген спорттық жоғары атақ белгіленді. Жарысқа қатысушы палуандар міндетті түрде дәрігерлік комиссиядан өтеді және жарыс кезінде дәрігерлік бақылауда болады.

Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, корғану, карсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады, Сөйтіп. көбінесе қарсыластарынын, бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын аныктау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.[2]

Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте онын, қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:



  • салмақ күші;

  • бұлшық еттін, тарту күші;

  • дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түседі, оның, жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.

дарКүрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік жәие уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас рекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқлы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады ол карапайым козғалыс деп аталады. Күресте шартта түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:

қолдардың козғалысы — ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т. с. с.

аяқтардың қозғалысы — қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т. с. с.

дененің қозғалысы — еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құла-ту, т. с. с.

Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде карапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.

Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі).

Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлық центріне түсетін тузу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.

Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді, Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немесе көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.[3].

Осындай қимыл жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.

Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт арғы жақта қалатындай етіп тағыда кейін қою арқылы арттыруға болады.

Тұрған күйінде қозғалтудың алғашкы әдісі, әдетте ауырлық центрі вертикалын тік сызығын тіреу алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың кезінде қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір турған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс.

Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жакын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден тусірмеуі қажет. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе-теңдігін тез қалпына келтіруіне болады.

Күресуші дұрыс тұрып, қозғалатын болса, қорғанғанда қатты қарсылық көрсетіп, шабуылдауына да ыңғайлы болады.

Шабуылды бастарда, әдетте, спортшы оны тактикалық әрекеттермен дайындап алады. Егер палуан дұрыс тұратын болса, шабуылдаушының әрекет етуі қиындайды, ал шабуылға ұшыраған спортшының тепе-теңдігін сақтап қалуы оңай. Қарсыласы шабуылдаған палуан мынадай жолдармен тік тұрған қалпын сақтайды:

-бұлшық еттеріне күш түсіреді және денесін алғашқы күйінде қатайта ұстайды;

-денесін қарсыласының жұлқыған немесе итерген жағынан қарсы жаққа қозғалтады

-Оның осылайша белсенді қарсылық көрсетуіне салмағы да көмектеседі. Кейбір жағдайларда қарсыласының жұмсаған күшін дененің кей жерін босаңсыту (қолдауын, кеудесін) арқылы да бейтараптауына болады.

Шабуылдаушы күрескен кезде қарсыласының тепе-теңдігінен айырылатын және оны сақтайтын сәттерін ескеруі қажет. Көптеген амалдар шабуылдаушының өзінің тепе-теңдіпнен айрылып қалуына да байланысты. Осылайша тепе-тендіктен айрылу тәсілді орындау бағытында қатты қозғалыс жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бұл кезде карсыластың орнықтылық дәрежесін міндетті түрде ескеріп, оны орнынан тайдырып жығу бағытында әдіс қолдану қажет.

Қорғану мақсатында жасалатын қимылдар да көбінесе қарсыласты тепе-тендіктен шығаруға негізделеді. Мұндай жағдайда шабуылға ұшыраған палуан қорғана тұрып шабуыл бағытында (карсы жакқа тепе-теңдігін жоғалту есебінен; щабуылдаушы тойтара алмайтындай орнықтылық бұрышын жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет