Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау



бет12/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
ЕРКІН КҮРЕС ТАРИХЫ




    1. Еркін күрес техникасы

Еркін күрес спорт өнерімізді сөз еткенде, алдымен ауызға алатындарымыздың бірі- еркін күрес ертеден-ақ бұл күш сынасу өнері әрдайым көрнекті орын алып отырған.

Иә, сан ғасырлар бойына маңызы артпаса тұғырдан түспеген осынау күресіміз кеңес заманымызда партиямыз бен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының арқасында жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Ол ертеден-ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көтеретін ұлттық өнері, ойыны болса, екінші жағынан, жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқастарға өктем болуға шыңдады. Техникалық жағынан еркін күрестің қалыптасқан әрқилы әдіс-айлалары өте көп. Солардың бәрі еркін күресті әсіресе қазіргі классикалық күреске ұқсастырып жатады. Бастан асыра лақтыру, сондай-ақ шалқая бере кеуде арқылы артқа лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.

Бұрын еркін күрес жарыстары ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Салмағы өзінен әлдеқайда ауыр адаммен күресу, әрине, кімге де болса қолайсыз ғой. 1938 жылы Алматыда өткізілген тұңғыш республикалық спартакиадасының бағдарламасына еркін күрес те енгізілген болатын. Осы спартакиадада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша (жеңіл салмақ- 65 килограмға дейін, орташа салмақ - 82 килограмға дейін, ал ауыр салмақ 82 килограмнан жоғары) күресті. Салмақ дәрежелері бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар аталған үш салмақ дәрежесі бойынша күреске түсті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта - Құрманбаев (Алматы облысы), орташа салмақ-та-Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта-Мусин (Павлодар облысы) жеңіске жетті. Мұнда республиканың абсолютті чемпионы атағын Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіп алды.

1940 жылдығына орай өткізілген біріншілік бес салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл, орташа, жартылай ауыр және ауыр салмақтар) бойынша өткізілді. Осы республикалық жарыста салмақ дәрежелері бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мақманов, Жұмабаев чемпион атанды. 1952 жылы Ашхабад қаласында өткізілген Орта Азия мен Қазақстан спартакиадасы программасына еркін күрестер де енді. Бұл жарыста, классикалық күреске неғұрлым жақын болғандықтан, біздің еркін күрестің ережелері негізге алынды.

1955 жылы еркін күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Бұл алғашқы ереже-кітапшаның авторы Мұзафар Рақымқұлов болатын.

1959 жылы екінші спартакиадасы кезінде Москвада еркін күрестің түрлері бойынша жаттығушылар мен спортшылардың бүкіл-одақтық семинары болды. Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда жарыс ережелері талқыланды. Қорытындыда біздің «еркін күрес», грузиннің «чида обасы» және молдаванның «триньтасы» жоғары баға алды. Спартакиаданың байқау жарыстарында еркін күрес өкілдері, Қазақ-станның чемпиондары, қарағандылықтар Ж. Тәтиев пен С. Аманжолов өз өнерлерін көрсетті. Қай халық болсын ұлдарының денсаулығы мықты, күшті де денелі, күш сынасқанда қарсыласын алып жығар әдіс-айласы мол болғанын қалайтыны белгілі.

Қай елді алсақ та, онда өзіндік ерекшелігі бар күрес өнері дамыған. Біз де ата-бабамыз мұра етіп қалдырған, бүгінгі күннің талабына сәйкес өсіп, жетіліп, республикамызда кең тараған күресімізді мақтан тұта отырып, оның одан әрі дамуына барынша атсалысуға тиіспіз.

Еркін күрес болашағының өркенді бола түсуіне Қазақтың мемлекеттік физкультура институты көп ықпал жасады және бұдан әрі де белсене атсалыса бермек. 1970 жылы институтта алғаш рет еркін күрес бойынша бөлім ашылды. Осы жылы еркін күрес ережесі қайта өңделіп, бүгінгі талапқа сай жетілдірілді. Спорт өнеріміз - еркін күрес ережесін қайта өңдегендер: Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институтының физкультура кафедрасының меңгерушісі, доцент М. Р. Рақымқұлов, Қазақтың физкультура институтының күрес м кафедрасының меңгерушісі, Қазақ халқының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, доцент міндетін атқарушы П. Ф. Матущак, осы институттың күрес кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері, Қазақ халқының еңбек сіңірген жаттықтырушысы С. Қ. Сатыбалдиев, Қазақ күрес федерациясының мүшелері спорт шеберлері К. Р. Байдосов, А. Қ. Қазымбетов, А. Р. Ғабсаттаров, Ә. Р. Айханов, М. Сұлтанбаев, Л. Өтешов.

Еркін күрестен тұңғыш рет Қазақ спорт шеберлері атанғандар - Есімов, Садықов және Оразбеков болатын. Ал, олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. 1973 жылы Ташкент қаласында күрес түрлері бойынша Орта Азия республикалары мен Қазақстан біріншілігі өткізілді. Бұл жарысқа Қазақстан құрама командасының палуандары да қатысты. Бұл біріншілікте тұңғыш рет аса жеңіл салмақта Қазақ мемлекеттік физкультура институтының I курс студенті, ұлттық күресімізден Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Жеңіл салмақта Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Рашид Сапарғалиевта(Семей облысынан) жеңімпаз атанып, чемпион тәжін киді.

20-ғасырдың басында Қазақстанда қазақ күресінің дамуы (республикалық жарыстардың өткізілуі, Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына енгізілуі және т.с.с.) Қазақстандағы спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлеріне баулудың басталуынан бірнеше онжылдыққа озған.

Еркін күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, еркін күрестің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.

Еркін күресінің қалыптасуы мен дамуына Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында аталмыш мамандықтың енгізілуі мен еркін күрестің оқу пәні ретінде қалыптасуы, осы пән бойынша бағдарламалардың, оқу құралдарының және оқулықтардың әзірленуі үлкен түрткі болды.

Еркін күрестің басқа күрестің түрлерінен айырмашылықтары көне заманнан жарыстардың тарихи қалыптасқан ережелері шектерінде дамып келе жатқан негізгі ережелері ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған еркін күрестің дербестігін, ерекшелігін сипаттайды.

Еркін күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталғандай , сұралған, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын бозбалалардың көпшілігі қазақ күресімен шұғылдануға тілек білдіреді.

Еркін күреспен шұғылданатын балуандардың дене, әдіс-тәсілдік дайындығын зерттеу нәтижелері киімдегі спорттық күрестің басқа түрлерімен шұғылданушылардың нәтижелерінен қалыспайды,еркін күресі жарыстарында пайдаланылатын әдістер спорттық күрестің басқа түрлерінде де көбінесе табысты қолданылады, ал еркін күрестен өткізілетін жарыстарда күрестің басқа түрлерінің балуандары табысты өнер көрсетуде, бұл еркін күрес үшін ғана емес, спорттық күрестің басқа түрлері үшін де резерв дайындаудағы сабақтастықтың тамаша алғышарты болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет