Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау



бет3/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
dip -erkin-kures-44

Дене жаттығулары - дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекетінің түрлері.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
ДЖҚ – дене жүктемесі қарқыны;

ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі;

АҚ - артериялық қан қысымы ;

СҚ - систолалық артериялық қысым;

ДҚ- диастолалық артериялық қысым;

ПАД- пульстік артериялық қысым;

МҚК- минуттық қан көлемі;

СК- систолалық қан көлемі;

ГССИ- Гарвард степ-сынақтамасы индексі (ГССИ);

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда еркін күрестің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.

Еркін күрестің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі еркін күрестің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың еркін күреспен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Еркін күреспен шұғылданатын жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.

Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген еркін күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тар ихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.



Зерттеу нысаны – Қазақстанда еркін күрестің оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.

Зерттеу пәні – еркін күрестің заманауи спорт түріне дейін қалыптасу үдерісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет