Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай құрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мөдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі — киіз үй. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі — киіз үй. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі.
Ұлттық аспаптар
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері Қазақ халқынын ұлттық киімдерінің коп ғасырлық тарихы бар. Ұлттық киімдер- эстетикалык мәні жағынан да маңызды дайындалған және коркем жасалған өндірістік немесе қолонер арқылы өмірге келген коркем туынды. Қай халыктын болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолонері. ¥лттық киім-бай тарихи , мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырдағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан хабар етеді. Қазақтың ұлттык киімдері негізінен ертедегі кошпенділер киімдерін еске түсіреді Ұлттық киімдер
Ұлттық ойындарымыз
Ұлттық тағамдар