Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі Жоспар



бет1/3
Дата30.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#35967
  1   2   3
Байланысты:
казак мадениет


Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі
Жоспар:
1.Қазақтардың материялдық мәдениеті: шаруашылығы және тұрғын үйі, киімі, тағамы, қала мәдениеті.
2.Рухани мәдениет: әдебиеті, халықтың ауыз екі өнері (мақалдар мен мәтелдер,еңбек және салт өлеңдері, тарихи және жазба әдебиеттері (Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати).
Шаруашылығы
Көшпелі мал шаруашылығы
Отырықшы мал шаруашылығы
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы
Киіз үй - жаздыкүні жайылымнан-жайылымға көшіп отыруға қолайлы құрама жеңіл үй.
Киіз үй жабдықтары
Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.
Кереге–киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге көздерінің көлеміне қарай: тор көзді (кішкене) кереге және жел көзді (үлкен) кереге болып, екіге бөлінеді. Тор көзді керегеде уық байлайтын 20 бас, жел көзді керегеде 17 бас болады. Кереге жасайтын жас тал мен қайыңның қабығын аршып, көлеңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң оларды бір-бірімен қосып, түйенің, өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктейді, жосамен бояйды. Ауқатты адамдар керегені әр түсті бояумен сырлатып, басын ішкі жағынан сүйекпен, күміспен әшекейлеткен. Жиюлы керегенің биікт. 2 м-дей, ені 75 см-дей болады. Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2 – 2,5 м-ге дейін созылады. Кереге өзара таңғышпен байластырылады. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жеткен.
Сықырлауық – киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек тақтай есік. Ол өте сәнді табалдырық пен маңдайшаданқос босағадан жәнежарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ұласымды өрнектермен оймышталып, есік нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металменқапталады, бел ортасынан ашылып-жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Екі таянышқа көкпен немесе шот ілмек арқылы ұстастырылғандықтан ашып-жапқанда сықырлап тұрады. Сықырлауықты көздеп, оймалап, сүйектеп, бояп жасайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет