Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет16/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі аза мем

Паскаль тілінде мәтіндік информацияларды өңдеу
Басқа алгоритмдік тілдер тәрізді Паскаль тілінде де мәтіндік информацияларды өңдеуге болады. Бұларға әр түрлі мәтіндік құжаттарды өңдеу, үйретуші комплекс құру, автоматты редакциялау және т.б. енеді.
Мәтін деп жолдар тізбегін айтады. Паскаль тілінде жол символдар тізбегінен құралады. Әдетте мәтіндерді өңдегенде тек литерлік шамаларды пайдалану тиімсіз келеді, себебі көп есептерде символдарды өңдеу емес, жолдарды өңдеу қажет болады. Паскаль тіліндегі программада жолдық тұрақтыларды пайдалануға болатыны жоғарыда көрсетілген болатын. Жолдық тұрақты деп енетін символдардың саны 256-дан (0-255) артпайтын апостроф ішіне алынған символдар тізбегін айтады. Егер жолдың ішінде апострофты пайдалану қажет болса, оны екі апострофпен алмастырады.
Мысалы, ‘Бізге керегі “өзің емес пе?’, ‘подъезд’, және т.с.с. Жолдық тұрақтыларда бос орын символ ретінде қабылданады.
Басқа тілдер тәрізді Паскаль тілінде де жолдық айнымалылар пайдаланылады. Жолдық айнымалылардың типін көрсету үшін тік жақша ішінде жолдың максимальды ұзындығы көрсетілген strіng қызмет сөзі пайдаланылады.
Жолдық айнымалының типі программаның тип бөлігінен кейін қарастырылады немесе тікелей айнымалы бөлігінде бейнеленеді.
Айнымалы бөлігінде бейнеленуі:
Var
<айнымалы аты, …> : strіng [жолдың мах.ұзын.];
Мысалы:
Var
Tex : strіng[29];
At : strіng[40];
Atay : strіng[275];
Мұндағы соңғы АТАY-дағы жол ұзындығы дұрыс көрсетілмеген, себебі 275 >255, сондықтан мұнда компьютер ңқатең деп хабар береді. ЭЕМ-нің жадысынан жолдың алатын көлемін байт өлшемі арқылы алуға болады, ол үшін жолдың максимум ұзындығына 1 қосу жеткілікті. Мысалы, алдағы мысалдағы АТ-тың өлшемі 41 байт. Қосымша байт жолдың алдында орналасады да, онда жолдың ағымдағы ұзындығы сақталады.
Сонымен, жолдың жадыға орналасу схемасын былай көрсетуге болады:
Y-те жолдың ағымдағы ұзындығы А сақталады;
Y+1-де жолдың 1 символы,
Y+2-де жолдың 2 символы,
……………………….………………
Y+А-да ағымдағы жолдың соңғы символы,
Y+А+1- бос ұяшық
……………………………………….
Y+М - жолға берілген ұяшық
Мұндағы Y-жады ұяшығын, А-ағымдағы жолдың ұзындығын, М-жол үшін алынған максимум ұзындықты белгілейді.


Жолдық өрнектер

Жолдық өрнектер алгоритмдік тілдегі арифметикалық өрнектерге сәйкес келеді. Жолдық өрнек деп амал белгілері, жолдық тұрақтылар, айнымалылар және функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбекті айтады.


Жолға төмендегі амалдар пайдаланылады.
1. Жалғастыру амалы, ол қарапайым “+ң белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше жолдан және символдан бір жол құру үшін пайдаланылады.
Мысалы:


Жолдық өрнек Нәтиже
‘Ауыл’ + ‘адамдары’ ауыл адамдары
‘А’ + ‘р’ + ‘п’ + ‘а’ Арпа
‘Ал’ + ‘ма’ + ‘ты’ Алматы
‘19’+’92 жыл’ 1992 жыл
2. Салыстыру амалдары, олар: =, <>, >, >=, <, <= белгілерімен белгіленеді. Жол мен жолды салыстыру олардың символдарын солдан оңға қарай біртіндеп бір-бірімен салыстырылғанда, оларға сәйкес кодтар салыстырылады. Егер жолдық символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болса, сол жол үлкен деп есептеледі. Егер өрнекте жалғастыру және салыстыру амалдары болса, ең алдымен жалғастыру амалы, одан соң салыстыру амалдары орындалады. Жолдарды салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама TRUE немесе FALSE болатынын мысалмен келтірейік:
Өрнек Нәтиже
‘SAM’=’SAM’ TRUE
‘SAM ’>’SAM’ TRUE
‘BBB’<’BB’ FALSE
‘TAM1’>’TAM2’ FALSE
3. Меншіктеу амалы, ол «:=» арқылы белгіленеді. Оның қызметі алгоритмдік тілдегі қызметімен сәйкес келеді. Бірақ мұнда, егер меншіктелетін мән ұзындығы типте көрсетілген ұзындықтан артық болса, онда артық символ алынып тасталады, мысалы:
Бейнелеу Өрнек Нәтиже
а) А: strіng[6]; А:=’ҚАЛАМ ҚАС;’ ‘ҚАЛАМ’
б) В: strіng[3]; В:=’ТАМАША;’ ‘ТАМ’
Көп жағдайларда өрнек құрамына жолдық тұрақтылар, айнымалылар, тіпті символдар да енуі мүмкін екенін программа мысалымен келтірейік.
1-мысал.

Program BK1;


Var L : char;
S : strіng[5]; R : strіng[25];
Begіn
Wrіteln (‘L,S-енгіз:’); readln(L,S);
R := L+S+’біздікі’;
Wrіteln(R)
End.
Егер программа орындалғанда L-ге ‘А’, ‘S’-ке ‘класс’ деген мән берсек, нәтижесінде ‘А класс біздікі’ сөзі шығады.
Жолдың символдарын олардың орналасу орындары /индексі/ бойынша табуға болады. Индекстің типі бүтін болады, ол айнымалы атауынан соң квадрат жақша ішіне алынып жазылады. Мысалы, S=’Алматы’ болса, онда S[2]=’л’, S[4]=’а’ береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет