Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 8 [189-214], 3 [60-75]
Қосымша әдебиеттер: 3[52-58] – б, 6[64-69] – б.
Бақылау сұрақтары Динамикалық жады дегеніміз не?
Статистикалық жадының орналасуы?
Базалық айнымалылар дегеніміз не?
Сыртқы, ішкі циклдардың параметрлерінің өзгеру диапазондары қандай?
Көрсеткіш типті мәліметтерді өңдеу процедуралары мен фунциялары?
Дәріс №12. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Файлдық типтер
Файл құру;
Мәліметтерді файлға жазу;
Мәліметтерді файлдан оқу;
Файлды түрлендіру
Файл –бұл бір типті мәліметтердің ұйымдастырылған тізбегі. Файл талап етілген жалпы белгілері немесе қызметі бойынша құрылады. Бұл мәліметтер қандай да бір информация көлемін құрайды. Массив тәрізді файл да бір типті мәліметтерден құралады, бірақ файлда оның мөлшері шектелмейді. Файлдың массивтен айтарлықтай ерекшелігі бар: файл массив тәрізді оперативті жадыда емес, сыртқы жадыда ұйымдастырылады. Бұл файлдың негізінен, өңделетін информацияны сақтау және жинақтау үшін пайдаланылатындығымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, файлда әртүрлі анықтамалық информациялар сақталады, мысалы, сөздікте, түрліше анықтамалық кестелер. Әсіресе файлдар, мәліметтер қорын және банкін, программалар кітапханасын және компьютердің программалық қамтамасыз етілуін сақтауда кеңінен қолданылады. Жалпы, компьютердің программалық ұйымдастырылуы мен оның сыртқы құрылғыларымен байланысы осы файлдық құрылымға негізделген. Файл екі мәселені шеше алады. Кез келген программалау тілі мәндерді келесі басқа программада пайдалану үшін сақтап, қалыптастыра алады. Атап айтқанда, информациялық жүйелерде информацияның ұзақ сақталуы талап етіледі.
Ал, программалау жүйесі енгізу, шығару, дисплей, принтер және т.б. сыртқы құрылғылармен программаның өзара байланысын қарастыруы тиіс.
Файл үшін логикалық және физикалық файл ұғымы енгізіледі. Логикалық файл – бұл информацияның қандай да бір абстракт көлемі. Физикалық файл – бұл физикалық тасымалдаушыда жазылған логикалық файл: диск, дискет, дисплей экраны, магнитті лента және т.б. Мысалы, сыныптағы оқушылардың аты-жөнінің тізімі логикалық файл болып есептеледі. Қағазға жазылған дәл осы тізім физикалық файл болып есептеледі. Сондай-ақ, қағазға немесе дискіге жазылған Паскаль программасының тексі де физикалық файл болып табылады. Соңғы мысал, сол бір логикалық файлдың әртүрлі тасымалдаушыда әртүрлі физикалық файл бола алатынын білдіреді.
Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың бәрі логикалық та, физикалық та бола алады. Мысалы, файлдың логикалық атауы және файлдың физикалық атауы.
Сонымен қатар, физикалық файл үшін оның мүмкіндігі ұғымы енгізіледі.
Паскаль тілінде логикалық атау үшін идентификатор пайдаланылады. ДОЖ-нің талабы бойынша файлдың физикалық атауы нүктеге дейін сегіз таңбадан тұрады, нүктеден кейін үш таңбамен заты көрсетіледі, мысалы, kosyndy1.aaa.
Файл атауындағы оның заты файл класын, дәлірек айтсақ, физикалық файлдағы информация класын көрсетеді. ДОЖ-да файлдарға бекітілген стандартты файл затының атаулары бар:
.ехе және .сом – машиналық кодпен жазылған программа файлдары үшін; .txt және .doc – мәтіндік файлдар үшін; .pas – Турбо Паскаль жүйесіндегі Паскаль программаларының тексі үшін және т.с.с.
Енді қалған ұғымдарды анықтайық.
Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады.
Жазу (мұны күрделі тип record-пен шатастырмау керек) – амалдар қолдану үшін файлдағы информация бөлігін анықтайтын компоненттер тізбегі.
Файлды жазудың соңы – тасымалдаушыға физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Lіne) деп аталады. Сондай-ақ, Паскальдың буль айнымалы функциясы да осылай аталады. Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе true мәнін қабылдайды.
Файлдың соңы – тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол ЕOF (End Of Fіle). Сондай-ақ, физикалық файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын Паскальдың буль айнымалы функциясы да осылай аталады.
Физикалық файлдар оның компонентіне кіру тәсіліне қарай тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.
Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компонентімен жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нольден басталады, яғни 1-компоненттің нөмірі – 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т.с.с. Бұдан, файлдың соңына п+1-ші орынға п-нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру компоненттің нөмірі бойынша жүзеге асады. Сонымен тікелей кіру мүмкіндігі бар файлды тасымалдаушының кез келген бөлігіне тікелей кіруге мүмкіндік беретін информация тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы, магнитті дискілерде.
Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек бірінші компоненттен басталады. Сондықтан, тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін ізделінді компонент табылғанынша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.