Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 5 [17-25], 7 [39-47]
Қосымша әдебиеттер: 1 [12-15] – б, 5 [13-16] – б.
Бақылау сұрақтары: Математикалық модель деген не?
Компьютердегі есеп шығарудың кезеңдері?
Программалау тілінде жазылған алгоритм қалай аталады?
Компьютерде есеп шығару процесі схема түрінде берілуі?
Дәріс №3. Мәліметтер құрылымының негізгі түсініктері. Мәліметтер типінің тұжырымдамасы
Математикада айнымалыларды кейбір маңызды сипаттамаларына сәйкес классификациялау қабылданған. Жалпылай алғанда, комплекстік және логикалық айнымалылар, жеке мәндер беретін айнымалылар, мәндер жиыны немесе жиындар жиыны деп бөлеміз. Функцияны функционалдар немесе функциялар жиынынан ажыратамыз. Мәліметтерді өңдеуде классификация ұғымы үлкен роль атқарады. Көпшілік жағдайда кез келген тұрақты, айнымалы, өрнек немесе функция қандай да бір типке жатады деген принципке сүйенеміз. Шындығында, тип мәндер жиынын сипаттайды, оған қандай да бір айнымалыны немесе өрнекті қабылдайтын тұрақты жатады, ол өз кезегінде функцияны қалыптастырады.
Тип тұрақтыларды, айнымалыларды немесе кез келген функцияны сипаттауда ашық көрсетіледі. Бұл ереже машинаның жады мәліметтерге бөлінгенде аса маңызды болып есептелінеді. Айнымалының мәніне жадыдан бөлінетін орын айнымалы қабылдайтын мәндер аралығына сәйкес таңдалады.
Типтер тұжырымдамасының негізгі принципі төмендегідей :
Кез келген мәліметтер типі қандай да бір тұрақты жататын мәндер жиынын анықтайды, ол қандай да бір операцияның орындалуы немесе функция арқылы қалыптасатын өрнек немесе айнымалыны қабылдайды.
Тұрақты, айнымалы немесе өрнек арқылы белгіленетін шамалардың кез келген типі оның түрі немесе сипаттамасы бойынша шығарылуы мүмкін.
Әрбір операция немесе функция анықталған типтің аргументтерін талап етеді және сол тіркелген типтің нәтижесін береді.
Нәтижесінде транслятор программадағы әртүрлі құрылымдардың мүмкін болатын мәндерін тексеру үшін типтер жөніндегі ақпаратты пайдаланады. Мысалы, арифметикалық айнымалыға логикалық мән меншіктелмейді.
Практикада мәліметтердің жаңа типі алдын-ала анықталған мәліметтер типімен анықталады. Мұндай жаңа типтің мәні алдын-ала анықталған құрама типке жататын мәндер компонентінің жиынтығы болып табылады. Мұндай мәндер құрама мәндер деп аталады. Егер бір ғана құраушы тип болса, онда барлық компоненттер бір типке жатады, ол базалық деп аталады. Т типке кіретін әртүрлі мәндер саны Т қуат деп аталады. Қуат Т типті Х айнымалысын орналастыруға қажетті жадының мөлшерін береді. Айнымалының Т типке жататындығы былай белгіленеді: Х: Т.
Типтің құраушылары құрама болатындықтан тұтастай құрылымдар иерархиясын құруға болады, бірақ кез келген құрылымның соңғы компоненттері атомарлық болуы тиіс. Қарапайым типті сипаттаудың сызықтық әдісі –осы типке жататын барлық мәндерді тізіп шығу болып табылады. Сонымен қатар, программистің сипаттайтын типтерімен бірге алдын ала анықталған стандартты типтер де бар. Бұған әдетте сандар мен логикалық мәндер кіреді. Егер қандай да бір типтің мәндері үшін реттелген қатынас болса, онда мұндай тип реттелген немесе скалярлық деп аталады.
Осы ереженің көмегімен қарапайым типтерді анықтап, одан кез келген дәрежелі күрделіліктегі құрама типтерді құруға болады. Ал, практикада құрама типті құрайтын құраушылар үшін бір ғана универсал біріктіру әдісін пайдалану жеткіліксіз. Практикалық қажеттіліктерге байланысты универсал тілде біріктірудің бірнеше әдісі болуы тиіс. Олар математикалық мағынасы жағынан эквивалентті болуы тиіс және құрылған мәндерге компонентті таңдауға қажетті операциялармен ажыратылуы тиіс. Мұнда қарастырылатын негізгі әдістер төмендегідей объектілер құруға мүмкіндік береді: массивтер, жазулар, жиындар және тізбектер. Бұдан да күрделі біріктірулер «статикалық типтер» ретінде сипатталмайды, программаны орындау кезінде «динамикалық» түрде құрылады және оның түрі мен өлшемі өзгеруі мүмкін. Мұндай объектілерге: тізімдер, сақиналар, тармақтар және соңғы графтар жатады.
Айнымалылар мен мәліметтер типі программаға қандайда бір есептерге пайдалану үшін енгізіледі. Сонымен қатар, тағы да бір қатар операциялар жиынтығы болуы қажет. Программалау өнерінің негізгі мәні операциялар құру іскерлігі болып саналады.
Маңызды болып есептелетін негізгі операциялар - салыстыру және меншіктеу, яғни қатынас теңдігін салыстыру және теңдік шартына байланысты әрекетті орындау болып табылады.
Теңдікті тексеру: Х=У (ақиқат немесе жалған мәнін беретін өрнек);
Меншіктеу: Х:= У (Х-ті У-ке теңестіретін оператор).
Бұл негізгі операциялар көптеген мәліметтер типі үшін анықталған. Қарапайым стандартты мәліметтер типі үшін меншіктеу мен салыстыру операцияларымен қатар, жаңа мәндер алуға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығы қарастырылады. Сандық типтер үшін стандартты арифметикалық операциялар, ал логикалық типтер үшін айтылымдар логикасының қарапайым операциялары енгізіледі.