Қорытынды Қорыта айтқанда, Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсері, тым жоғары екендігі айқындалды. Алматы қаласының ластануына 80% негізгі үлесін қосатын көздердің бірі автокөлік шығарындылары.
Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттар адамның денсаулығына және жануарлар, өсімдіктер әлеміне әрқашан зиян.
Ауаны басым ластайтындар: көмір қышқыл газы, күкірттің қосоксиді, көмірсутегілер, көмір оксиді, азоттың оксиді, мен қосоксиді, фенол, формальдегид, түтін-шаңдар және басқалары. Бұл бөлінген заттар ауада химиялық реакцияға түсіп, бұрынғыдан да жаңа қауіпті қосылыстар түзейді. Ауаның құрамындағы улы химиялық заттар адамның денсаулығын бұзады, өсімдіктердің өсіп - дамуына зиянды әсер етеді, егер ауада 0,2-0,5 мг/м3 болса, өсімдіктердің жапырақтарында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Автокөлік көбінесе көшелердің қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында кептеліс болғанда басымырақ ластайды, себебі ондай жерлерде автокөліктер көп шоғырланады және олардың моторлары аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газ көп бөлінеді. Улы заттардың көбісі, әсіресе көмірсутегілер мен көмір тотықтары толық жанып үлгере алмайды, ауаға шығып кетеді. Мотордағы жанармай толық жана алмағандықтан көмірсутегілердің басым бөлігі қара күйеге айналады, әсіресе бұл техникалық ақауы бар автокөліктерден қара түтін көп бөлінеді, ал ондай түтіндердің ішінде өте улы бензапирен деген көмірсутегі болады, егер ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпесінің қатерлі ісігімен ауруы жиілейді /6/. Автокөлік шығарындыларының концентрациясын анықтау арқылы, қоршаған ортаның ластану деңгейін зерттеу үшін 1 сағат ішінде (әрбір 20 минут сайын) белгіленген зерттеу аймағында (0,5-1 км) жүріп өткен автокөлік түрі мен олардың саны анықталды. Басқа аймақтарға қарағанда 1-нүкте Сейфуллин көшесі, Гоголь қиылысындағы автокөлік саны жоғары екендігі айқындалды. Мұндағы автокөлік саны төменнен жоғары және жоғарыдан төменге қарай, 20 мин. аралығындағы бағыта бақыланды. Яғни, сарапшылардың пікірінше, бір автокөлік сағатына 8-10 текшеметр улы газ шығарып, көлік қалдығынан қала ауасының 85% ластанады.
Зерттеу нәтижесі бойынша автокөліктерден шығарылатын зиянды заттар адам және жануарларларға ғана емес, сонымен қатар, өсімдіктердің морфо-анатомиялық құрылысына әсері жоғары екендігі айқындалды.
Ағаш өсімдіктердің сыртқы пішіні өзгеріске ұшырап, олардың жапырақтары майдалана түскен. Сондай–ақ бақылау вариантындағы ағаш өсімдік жапырағымен, тәжірибе вариантындағы ағаш өсімдігін салыстыра келгенде олардың айырмашылығы байқалды.
Үш нүктеден алынған тәжірибе вариантындағы ағаш өсімдік жапырағының пішіні өзгеріске ұшыраған. Жапырағы майдаланып, сағағынан тез түседі. Түсі сұр-жасыл, сондай–ақ жапырақ ауруға ұшыраған. Белгісіз қара дақтың пайда болған. Автокөліктен шығарылатын улы газ өсімдіктің өсу белсенділігін төмендетеді, фотосинтездік қабілетін нашарлатады.