Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 19 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
2. Қазақстан мен Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Дағыстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан елдерінің көрнекті тарихшы ғалымдары, мәселен, Ресейден РҒА Жалпы тарих институтының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА толық мүшесі Александр Чубарьян, Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесінің экс-спикері, ҚР Дипломатиялық Академиясының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнидин Курманов, Қазақстаннан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Талас Омарбеков, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Зиябек Қабылдинов және басқалар қатысты. Конференцияға Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған төрағалық етті.
Конференция барысында Қазақстан аумағында ерте кезден қазіргі заманға дейінгі мемлекет құру мәселелері жан-жақты талқыланды. Әсіресе, қазақ мемлекеттілігінің бастау көздері, Қазақстан жерінде құрылған алғашқы тайпалық мемлекеттер туралы әңгімеленді. Қазақ этногенезі мен қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының өрлеуі мен әлсіреуі, кеңестік және тәуелсіз Қазақстан тарихы, ұлттық интеллигенция тақырыбы ерекше талданды. Мысалға, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбілдің баяндамасы мемлекеттілік пен ұлттық шекаралар тақырыбына арналса, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қайырболат Нұрбай қазақ мемлекеттілігін зерттеу мәселесін көтерді.
Отандық тарихшылар баяндамаларында қазақ ұлты және оның мемлекет құрудағы тарихи және саяси дәстүрлері, Ұлы Даланың өзге көшпелі және отырықшы мемлекеттермен арақатынасы, қазақ мемлекеттілігі тарихының ерте және кейінгі кезеңдеріне және т.б. мәселелерге қатысты тың пікірлер айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |