Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы
Ұлы жүз Ресейдің қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Өйткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта және Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа және Қоқан, Бұхар хандықтарының иелігінде болды. Олар Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге жиі-жиі шабуыл жасап отырды.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шықты, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды.
1855 жылға қарай үйсін руы Россия құрамына енді. Россия болса Орта Азия хандықтарынан қорғану мақсатында өзіне бағынышты болған рулардың жерінде бекіністер салады. Қоқан хандығымен болған шайқастардың нәтижесінде Ұлы жүз рулары Россия империясы құрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |