Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы


Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу-біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі



бет22/25
Дата02.12.2023
өлшемі81,4 Kb.
#132225
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
тарих экзамен ответы

25.Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу-біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі.
Кеңес өкіметі өзінің билігін Ресейдің империялық езгісін тартқан Орталық Азия мемлекеттеріне де орната бастайды. Ол кезде Орталық Азия мемлекеттері аумағының басым бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына бағынышты болатын.Жалпы Түркістан АССР-і 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені барша қауымға мәлім. Сондықтан да осы аралықтағы Түркістан республикасының конституциялық дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1918 жылдың 30 сәуірінен 1918 жылдың 15 қазанына дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, Түркістан республикасының ресми түрде құрылуынан бастап алғашқы конституция қабылданғанға дейінгі кезең. Бұл аралықта конституцияның рөлін 1918 жылы 30 сәуірде қабылданған Түркістан республикасын құру туралы Ереже атқарады.
Екінші кезең 1918 жылдың 15 қазанынан 1920 жылдың 24 қыркүйегіне дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, Түркістан республикасының алғашқы негізгі заңының әрекет ету аралығы. Бұл конституция Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңін көрсетеді. Асығыс қабылданған конституция өтпелі кезеңнің бет-бейнесін көрсетеді.
Үшінші кезең 1920 жылдың 24 қыркүйегінен 1924 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықты өамтиды. Яғни, Түркістан рсепубликасының екінші рсеми конституциясының әрекет ету аралығы. 1924 жылғы желтоқсандағы Түркістан АССР-ін тарату туралы шешім қабылданғанға дейінгі аралықта әрекет етті.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу»,
Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының нәтижесі деп түсіну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет