28. Қазақ жерлерінің қазақ АКСР құрамына біріктірілуін талдаңыз. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды.
Еуразия кеңістігінің біраз бөлігін алып жатқан қазақ жерін алу үшін патша үкіметі екі ғасырға жуық күресті. 1919 жылдың10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері – контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленеді. Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев.
Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.
Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, адал пиғылды ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревкомның органы – «Ұшқын» газетін шығарды. 1920 жылғы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Киргиз (Қазақ) Аутономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды.
1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын.
ҚазАКСР-нің конституциялық жолмен құрылғандығы «Декларация» республиканың экономикасы, мәдени шаруашылығы ілгері басатындығы айтылды. Қазақтың кеңістік ұлттық мемлекетінің орасан зор маңызы болды. Қазақ халқы ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылыққа қарсы күрестің нәтижесі ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылданды.
Съезд жоғарғы үкімет органдарын – республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Сонымен қоса съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» қабылданып, онда халықаралық қатынастардың негізі «Ендігі жерде РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады» деп көрсетілді.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы ел тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылады.
Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысы мен 1925 жылға дейін Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінен бастап, қазақтар қырғыз немесе қырғыз-қайсақ деп аталды. Сонымен қатар, республиканың жаңа астанасының атауы өзгертілді: Ақ мешіт қаласы Қызыл-Орда деп аталды. Астанасы 1929 жылға дейін Қызыл-Ордада (қазіргі Қызылорда) болды, содан кейін жаңа астана Алматы (қазіргі Алматы) қаласы болды. Тарихи мәліметтерге сәйкес, бұл қадамды сол кездегі билік өкілдері РКП (б) Х конгресінің ұлттық мәселе бойынша шешімдерінің әсерінен қабылдаған. Қазақ совет автономиясының дамуына бағытталған маңызды саяси және әлеуметтік өзгерістер болды.
Қазақ халқының аумақтық бірлестігі қазақ ұлтының одан әрі бірігуі, Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының дамуы үшін үлкен маңызға ие болды. Барлық қазақ жерлерін бір республикада біріктіру қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және сол кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан, қазақ мемлекеттілігін құруда өте маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының аумағы үштен бірге ұлғайды, халық саны бір жарым миллионға көбейді, олардың жалпы саны 5230 мың адамға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар жалпы Қазақстан халқының 61,3% құрады. 1919 жылдан автономия құрылғанға дейін қырғыз қазақ өлкесін билеген "жоғарғы әскери-азаматтық" орган болды.
29.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
1925 жылы партияның ХІV съезінде Кеңес Одағы индустрияландырудың басталғаны туралы шешім қабылдады.
Мақсаты: КСРО-ны аграрлы елден жетекші индустриялы державаға айналдыру. Индустрияландырудың басты көзі ауыл шаруашылық болды.1928-1932 ж.ж бірінші бесжылдық пен тұспа-тұс келді. Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20-30 жылдары кешенді экспедициялар ұйымдастырды. Нәтижесінде республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды. Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10мың нан астам екпінділер болды.
Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері:
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды.
Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.
Урабандалу күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді.
Әміршіл-әкімшілік басқару жүйесінің әдістері мен іске асырылды
КСРО бойынша ең ірі кәсіпорындар құрылысы басым болды.
Қазақстан өнер кәсібінде машина, станок жасау, құрылыс материалдары өндірісі болған жоқ, жеңіл өнер кәсібі артта қалды.
Индустрияландырудың қорытындылары:
Республика аграрлы елден индустриялы – аграрлы елге айналды
Қазақстан қорғасын өндіру бойынша Одақта бірінші орынға, түсті металдар өндіру бойынша екінші орынға, мұнай өндіруден үшінші орынға шықты.
Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды.
Республикада 120 ірі өнер кәсіптік кәсіпорын салынды, мың километр ден астам жаңа темір жол іске қосылды.
Жұмысшы табының өсуі жүріп жатты, кеңестік біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық зиялы қауым қалыптасты.
Индустрияландырудың сипатты белгісі урбандану (қалалардың өсуі) болды.