Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы


) 20 ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы сипаттап жазыңыз



бет3/25
Дата02.12.2023
өлшемі81,4 Kb.
#132225
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
тарих экзамен ответы

3) 20 ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы сипаттап жазыңыз.
ХХ ғасырдың басында қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы қиындай түсті. Қазақстан жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде Ресей метрополиясының шикізаттік базасына айналды. Патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюі мен ұлттық езгі озбырлығы туралы қазақ зиялылардың ірі өкілі Ахмет Байтұрсынов «Қазақтардың өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп сипаттайды.
ХХ ғасырда қазақтардың ұлттық экономикасы мен дәстүрлі шаруашылығы толығымен күйреді. Қазақ жеріне алдымен Ресей отарлауы одан кейін кеңестік социализм күшіне енді. Мемлекеттіліктің біртұтастығы жойылып, қазақтар барлық саяси құқықтарынан айырылды. Елдің экономикасы алдымен Ресей метрополиясына одан кейін Кеңес мемлекеті орталығының мүддесіне орай дамыды.
ХХ ғасырдың негізгі ірі тарихи оқиғалары – өлкенің отарлауы, 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциялары, азаматтық соғыс, жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тын және тынайған жерлерді игеру, шаруашылық реформалар, тоқырау жылдары, «қайта құру» саясаты. Осы тарихи оқиғаларды талдау еліміздің дәстүрлі экономикалық жүйенің күйреуі мен қасіретті зардаптарын дәлелдеп көрсетеді.
ХХ ғасырды Қазақстан Ресей империясының отары ретінде қарсалды. Дәстүрлі шаруашылық жалпыресейлік экономикасына еніп, капитализм әсерімен өзгерістерге ұшырады. Капитализмнің дамуы қазақ жерлерінің отарлауымен қатар жүрді. Табиғи байлықтарды Қазақстан аумағынан көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды. Қазақстан Ресей өнеркәсібінің шикізат базасына айналды. ХІХ ғасырдың соңында орыс кәсіпкерлері Қазақстан жеріндегі тау-кен орындарын арзан бағада сатып алып шикізат өндейтін кәсіпорындар сала бастады. Бірақ ХХ ғасырдың бас кезінде шахталар мен кен орындардың дерлік бөлігі шетелдік капиталистер қолына өтті. Орыс кәсіпкерлерінің тау-кен игеруде тәжірибесі де, техникалық құралдары да жеткіліксіз болды. Патша үкіметі шетелдік капиталды тарта бастады. 1904 жылы Лондонда құрылған «Спасск мыс кен орындары» акционерлік қоғамы кен орындарды сатып алуға белсенді кірісті. Спасск-Воскресенск, Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, Саран және Қарағанды көмір шахталары сатылды. Жезқазған мыс кеніштерін, Байқоңыр әк карьерлері мен темір кен орындарын «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» иеленді. 1904 жылы Риддер мен Зырян түсті металл кен орындарын австриялықтар сатып алды.
Өлкеде өнеркәсіптің негізгі саласы тау-кен өндірісі болды. Алтын өндіру қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың бас кезінде бір Өскемен уезінің өзінде 50 алтын кеніш жұмыс істеп тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет