Қазақ ойшылдары мен ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары


XIX ғ. екінші жартысында Уəлихановтың ағартушылық дəстүрлерін Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев əрі қарай дамытты



бет2/2
Дата10.04.2022
өлшемі2,16 Mb.
#30539
1   2
XIX ғ. екінші жартысында Уəлихановтың ағартушылық дəстүрлерін Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев əрі қарай дамытты.

Ыбырай Алтынсарин (1841–1889) — қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері. «Қазақ мектептерін Еуропа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге ұмтылуға кеңес бергенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дəлелдеуге ұмтылады», — деген пікірмен келісе отырып, оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі кезеңмен байланысты болғанын атап өтуге болады.

Ағартушы өзіндік білім алумен мықтап айналысып əжептəуір табысқа жетеді. Оны педагогика да, əдебиет те, философия да қызықтырды. Осының əсерінен ол сол кездегі бай Орынбор кітапханасына жиі барып барлық күрделі əдебиеттерді қызыға оқыды.Оның жеке кітапханасында көрнекті орыс педагогтарының жəне жазушыларының шығармаларымен қатар, «Современник» журналы жəне Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Белинскийдің шығармаларының болуы кездейсоқ емес. Жəне де осыған байланысты оның бірқатар идеялары мен ойлары осы ойшылдардың пікірлерімен сəйкес келді. Шетел авторларынан Шекспирдің, Руссоның, Гегельдің шығармалары да қазақ ағартушысының ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастарының қалыптасуына жағымды ықпал еткенін айта кеткен жөн.

Абай өз шығармаларында этикалық идеалдарды көп қарастырған. Оның этикасының негізгі принципі: «Адам бол».Ойшылдың пікірінше, адам саналылық пен адамгершіліктің, еңбексүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың қосындысы болуы тиіс. Ол өз шығармаларында шындықты бейнелеуде реалистік бағытты ұстанады.«Адам — өз кезеңінің жемісі, егер ол жаман болса, оған замандастары кінəлі.

Абайдың ағартушылық дүниетанымын бағалауда қазіргі отандық ғалымдардың көбісі оның шығармашылық күш-қуатын адамдық игіліктерге, ақиқат адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға бағытталған деп санайды.

XIX ғ. қазақ ағартушыларының келесі ірі өкілінің бірі, əрине, көрнекті ақын Абай Құнанбаев болып табылады. Оның шығармашылық еңбектері саяси сипатта болды. Ол ғылым мен білімнің, адамдардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыратынын, өзі, ақиқат пен əділдік үшін күресуге шақыратынын айтқан болатын. Ал оның іс-əрекеті халықты қанаудан сақтау болатын. Осы жағдайда ол билікті білімді адамдарға беру керек деген тұжырымға келеді. Ойшыл білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі. Оның пікірінше, қазақтарды дұрыс жолға қойғысы келетін адам билікке ие болуы тиіс. Халықтың қоғамдық өміріндегі билік пен басқарудың күші, маңызы жəне орны ерекше екенін атап көрсетті. «Егер менің қолымда билік болса, мен адам түзелмейді дегендердің барлығының тілін кесер едім», — дейді ол.

Қорыта айтқанда, қазақ ағартушылық Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күшке айналып, орыс өркениетіне бейімделу жолында дамыды. Сонымен қатар отандық ағартушылар осы прогреске жету жолда өз мүмкіндігінше жағдай жасауға тырысты.

Жалпы алғанда, Абайдың жəне басқа алғашқы қазақ ағартушыларының адамның ақыл-парасатын дəріптеуінің, надандықты, ескілікті, діни əдет-ғұрыптарды сынап-мінеуінің, сондай-ақ қажетті саяси-əлеуметтік өзгерістерді қазақ даласына енгізу қажеттілікті жəне басқа ағартушылық идеяларының зор прогресшіл маңызы болғанына толық сенім білдіреміз.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет