Қазақ орфографиясы мен Сәрсен Аманжолов



Дата12.05.2023
өлшемі18,37 Kb.
#92706

ОСӨЖ
Тақырыбы:Қазақ орфографиясы мен Сәрсен Аманжолов.

Сәрсен Аманжолов соңғы буынға өшпес елеулі мұра қалдырды. Сонымен бірге, ол – қазақ совет тіл білімінің іргесін қаласуға белсенді атсалысып, сол жолда айрықша еңбек сіңірген, сол білімнің қалыптасып дамуына, жалпы соаеттік түркологияға үлкен үлес қосқан ғалым.


Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының профессоры Сәрсен Аманжолов бірталай өмір өткелдерін бастан кешірді. Ол ауыл мұғалімі, ғылыми қызметкер, Совет Армиясының саяси қызметкері болды. Содан ол қажырлы, жемісті еңбегінің нәтижесінде айтулы ұстаз, көрнекті ғалым дәрежесіне дейін көтерілді.
С.Аманжолов өзінің творчестволық іздену жолында халықтың мәдени өміріне дер кезінде шамасы келгенше үн қосып, осы салада жақсы үлгі көрсете білген адамдардың бірі болды. Ол Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында да халық, қоғам үшін елеулі маңызы бар істерін бәсеңдетіп, тоқырауды білген емес еді.
Сәкең Ұлы Отан соғысына аттанбас бұрын, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған болатын. Соғыстан кейін ол ғылыми жұмысқа қайта оралып, диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы дәрежесі атағын алды.
С.Аманжолов қазақ халқының түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетін көркейту жолында, оны ұлы орыс халқының озық мәдениетімен ұштастыра ілгері бастыру жолында аянбай қызмет етіп, белсене атсалысып отырушылардың бірі болды.
Латын алфавиті негізінде жасалып, отызыншы жылдардан бастап қолданыла бастаған қазақ жазуы мен оның фонетикалық принципке негізделген орфографиялық ережелері сол кезде жедел дамып отырған өмір талабына толық жауап бере алмаған еді. Осыдан келіп тіліміздің алфавитін және кейбір орфографиялық ережелерін өзгерту қажеттілігі туды. Осы кезде С.Аманжолов орыс жазуы негізінде қазақтың жаңа алфавитінің жобасын және орфографиялық ережелер жинағының проектісін жасап, жұртшылық талқысына ұсынған болатын. Бұл проект көпшілік ауызында бірауыздан мақұлданып, 1940 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Y сессиясында қабылданды.
Күні бүгін қолданылып, қазақ тілі орфографиясында негізгі дәстүрге айналып отырған морфологиялық принцип те Сәрсен Аманжолов көтерген тың мәселелердің бірі болатын. Бұл принцип 1938 жылға дейін жазу тәжірибемізден жүйелі орын ала алмай келген еді. Мұның өзі тіліміздің дамуына едәуір зиянды әсер тигізіп келгенін де айта кеткен жөн. Мысал үшін көп уақыт орыс тілінен енген колхоз, совхоз, трактор, кооператив, коммунист деген тәрізді көптеген жаңа сөздер қазақ тілінде бұрмаланып айтылып, қалқоз, сапқоз, тірәктір, кәперетіп, кәменес түрінде қате жазылып жүрді. С.Аманжолов орфографиядағы бұл кемшілікті де орынды байқап, оны бұдан былай болдырмау туралы өз жобаларын (проектісін) ғалымдар алдына ұсынды. Кейін ол тілімізге орыс тілі арқылы енген термин сөздерді морфологиялық принцип бойынша жазу керек деген пікірді орта мектеп грамматикаларына (1938-1939 жылдардан бастап шыққан) енгізді. Бұл мектеп оқушыларының қазақ тілінен жүйелі білім алып, сауатты жаза білуіне көп жәрдем етті.
Түбір сөздерді жазудағы морфологиялық принцип сөйлеу, жазу мәдениетімізді анағұрлым жоғары сатыға көтерді. Сөйтіп, тілімізге техникаға, ғылымның түрлі салаларына байланысты орыс тілі арқылы енген термин және интерноционалдық сөздерді қатесіз, дұрыс жазуға мүмкіндік туды. Сонымен бірге, мұның өзі біріккен сөздердің құрамындағы компоненттерді де (мысалы, шекара, Аманкелді, қонақасы) түбірін сақтап, дұрыс жазуымызға жағдай жасады. Сондай-ақ, соңғы кезге дейін естілуінше жазылып, біріккен сөздер тобында қаралып келген көптеген тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фразалардың) құрамындағы сөздер бір-бірінен бөлініп, дұрыс жазылуына да морфологиялық принцип басты себеп болды.
1940 жылы үкімет бекіткен жаңа алфавит пен орфографиялық ережелер жинағына негіздей отырып, С.Аманжолов 1941 жылы өзінің көпшілік қолды орфографиялық сөздігін шығарды. Дер кезінде шыққан бұл сөздік орыс алфавиті негізінде қабылданған жаңа алфавитіміз бен орфографиялық ережелерді қазақ оқырмандарының жедел игеріп алуына, қазақ әдеби тіл жазу нормасының жақсарып, жетіле түсуіне айтарлықтай жәрдем етті.

С.Аманжолов Ұлы Отан соғысының кезінде, майданда жүрген шағында да қажырлы еңбек етті. Бұл кезде ол 1942 жылы жарыққа шыққан «Әскери орысша-қазақша сөздікке» редакторлық етті. Бірнеше рет «Үгітшілер блокнотында» жауынгерлер тұрмысы мен ерлігі жайында әдеби көркем очерктер жариялады. Көптеген жауынгерлік листовкалардың тексін жазды. 1945 жылы жарыққа шыққан «Советтер одағының қазақстандық батырлары» атты кітапқа қосалқы авторлық етті. Сонымен бірге, Сәкең Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарында «Орыстан басқа ұлттардың жауынгерлері арасындағы саяси-тәрбие жұмысындағы тәжірибемізден» деген кітап (көлемі 6,5 баспа табақ шамасында, орыс тілінде) жазған еді.


Қазақ халқының тарихында тұңғыш ашылған Қазақтың педагогикалық институтында 30 жылға тарта оқытушылық қызметін атқарған және соңғы 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болған профессор Сәрсен Аманжолов бірнеше жүздеген мамандарды тәрбиелеп шығаруға айтарлықтай еңбек сіңірді, оларға ұстаздық етті. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында еңбек жолын бастаған алғашқы жылдардың өзінде-ақ профессор Аманжолов әрбір лекциясына жаңа, тың материалдарды, өзіндік ғылыми топшылауларын енгізіп отыратын. Және оны тәжірибе үстінде өзгертіп, бақылау-сыннан өткізіп, іріктеп, мінін жөндеп отыру әдеті де бар еді...
Аса ардақты ғалымымыз С.Аманжолов халық игілігі үшін әлі де мол әрі жемісті еңбек ететін еді. Бірақ мейірімсіз ажал оны арамыздан алып кетті.
С.Аманжолов өз өмірінің соңғы кезінде жазған тіл біліміне байланысты біраз еңбектерін баспа бетінде жариялап үлгермеді. Сондай-ақ, ол ертеректе жазылған кейбір зерттеулерін қайта қарап, бірталай өңдеу жасап, жаңадан жарияламақшы болған еді. Ардақты ғалымымыз бұл мақсатын да орындай алмай кетті. Бірақ мезгілсіз қаза Сәкеңнің қаламдастары мен шәкірттері алдында үлкен міндет жүктейді. Ол міндет – С.Аманжоловтың дайын жұмыстарын бастыртып шығарып, таяу уақыт ішінде көпшілікке ұсыну

Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген доктор диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды.[2]


Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін енгізді. Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі. «Қазақстанның 15 жылдығы» құрмет белгісімен (1935), жауынгерлік медальдармен (1945) марапатталған.


Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-38) ұйымдастырып, диалектілердін даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық өдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы түрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мөселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың 2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет