Жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы жəне әріп жазуы.
Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus» — боялған, сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең алғаш полисинкретикалық тілдер (Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған. Бұл жазудың негізгі таңбалары пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе нысанның, заттың немесе құбылыстың аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін белгі.