Қазақ-орыс тілдеріндегі сөздердің морфологиялық құрамын салыстыру Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оныц лексикалық және грамматикалық сипаттары-мен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялык кұрылысы жағынан әрқилы болып келеді. Сол әр түрлілік сөздердің кұрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байла-, нысты. Осындай сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфемалар түбір морфема, яғни сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі, қосымша морфемалар, яғни түбірге қосылып, оған қосымша магыналар үстейтін морфемалар деп бөлінеді.
Қазақ тілінде түбір морфема ездігінен жеке тұрып се-мантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады.
Ал орыс тілінде сөз түбірі көбінесе дербес мағына білдіре алмайды іуч-и — ть, об -уч — е — ни — е). Қазақ тілі агглютинативті тілдер тобына жататындыктан. бірнеше косымша бірінен соң бірі жалғана береді. А; орыс тілі флективті тілдер тобына жатады. Флективті тіл де геніміз сөз түлғаларының жалғау арқылы әзгеруі. Осыған бап ланысты екі тілдің грамматикалық қүрылымында төмендегідег айырмаіиылыктар бар:
1, Қазақ тілінде аффикстер бір мағынаны ғана білдір-алады:усигел + дер + дің. Орыс тілінде аффикстер көп магыналы, яғни бір аффикс бірнеше граммати-калық мағына білдіре алады: стол — ов, -ов жалғауы 3 мағынаны білдіреді: көпт. мағына (мн.ч.), І.с (Р.п.), ер тегін (муж.р.). Қазақ тілінде де кейбір қосымшалар көп мағыналы болып келеді: барайық, аталгыз. Мұнда -йың — 1-жак, көпше, -мыз — 1-жақ, көпше. Бірақ бұл қазақ тілінде сирек кездесстін құбылыс.
Қазақ тілінде бір грамматикалык мағына бірнеше
вариантты бір аффикспен ғана беріледі. Ал орыс
тілінде бір грамматикалық мағынаны бірнеше
жалғаумен беруге болады:
а) мәселен, стол+ы^ тетрад+и, пол+я, девчат+а. Бүл сөздерде көптік мағына -ы, -и, -я, -а жалғауларымен берілген.
Қазақ тілінде көптік мағына тек -лар қосымшасы
арқылы ғана ( фонетикалық варианттары -лер, —
тар, -тер, -дар, -дер ) беріледі;
ә) стол+у, кон+ю, парт+е, географи+и. Б.с.
мағынасы -у, -ю, -е, -и жалғауларымен берілген.
Қазақ тілінде жалғаулар дербес мағыналы түбірге жалғанады. Орыс тілінде жалғау көбінесе дербес мағынасы жоқ түбірге жалғанады (окн+о, окн+а, окн+у т.б.).
Қазақ тілінде жалғаулардың түсіп қалуы деген жоқ (устел+дер+дің). Орыс тілінде көп мағыналы жалғаулар жалғанған жағдайда, басқа жалғаулар түсіп қалады (стол+ов, -ов — коит. мағ., І.с; стол+а, стол+ы (-а, -ы түсіп қалған).
Қазақ тілінде түбір морфема өзгермейді. Ассими-ляцияға байланысты түбір морфема өзгерген жағдайда да грамматикалык мағынасы өзгермейді. Орыс тілінде түбір морфема өзгерсе, грамматика-лық мағына да езгереді (избегать — избежать; цашу — қутылу).
Бұл қүбылыс орыс тілінде ішкі флексия немесе фузия деп аталады. Ал қазақ тілінде өзгеріске үшырамайтын түбір морфемаға аффикстерді жалғау тіл білімінде агглютинация деи аталады.
Жоғарыда келтірілген жағдайларды төмендегідей түйіндеуге болады: Аффиксация екі тілде де бар. Бірақ бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бүл ең алдымен аффикстердің жалғану тәсіліне және ретіне байланысты. Мәселен, орыс тілінде жүрнақ түбірге кіріге жалғанады және оң жағынан жалғанады. Түбірдің сол жағынан сөз алды қосьшшасы (приставка) қосылады. Осының салдарынан түбірдің дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды (выпадение, чередование звуков). Мұны былайша көрсетуге болады:
Орыс тілінде бір түбірге бір ғана жұрнақ қосылатыны содан (бір түбірге екі немесе үш жүрнактың қосылуы сирек кездеседі). Жалпы, орыс тілінде қосымшаның көп мағыналы болуы да осы-дан. Ал қазақ тілінде қосымша түбірге орыс тіліндегідей кірікпейді, тіркесе жалғанады және тек оң жағынан ғана3 жалғанады. Тіркесе жалғанғандықтан бір түбірге бірнеше жүрнақ және бірнеше жалғау бірінің үстіне бірі қабаттасып жалғана береді. Бұны былайша көрсетуге болады:
Мысалы: егіншілерімізді, басқармадагыларга. Сонымен, орыс тілінің грамматикалық қүрылымында айтарлықтай морфологиялық ерекшеліктер бар екендігі байқалды.
Осыган байланысты морфемаларды жеке-жеке қарастырған жөн сияқты.
Тү б ір (Корень) Қазақ тілінде түбір морфеманың дербес мағынасы болады, негізінен түбір езгеріске ұшырамайды дедік. Кейбір дыбыстардың позициялық өзгерісі де сөз мағынасын өзгертпейді (тарақ — тарагъш). Ал орыс тілінде түбір морфеманың дербес мағынасы жоқ (улица, улочка, проулок, переулок, закоулок). Екі тілде де сөздің негізі тек түбір морфемадан тұруы мүмкін және бүл бөлшек негізгі түбір деп аталады, Жалғау мен форма тудырушы жұрнақты алып тастаса, сөздін негізі деп ата латын белшек шығады. Бірақ орыс тіліпде сәздің негізі ме түбір морфема айқын біліне бермейді. Мысалы: орыс тілінде етістіктің 2 түрлі түбірі болады:
Тұйық етістік формасы.
Осы шақтың түбір формасы. Мысалы: бра-ть, бра-л, бра-ші-ш, вы-бря-нн-ый;
Бер-у, бер-еиіь, бер-ет, бер-и, бер-те, бер-ущ —ий, бер-я. Ал кейде негізгі түбір мен түбір морфема бір болады: н^с-ти, нес-у. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де түбір морфема мен сөз тудырушы қосымша морфемадан тұратын сөздің негізі туынды түбілдеп аталады.
Орыс тілінде кейде туынды түбірдің құрылымы күрделі болады (да+ть, да+ва+ть, по+<)а+ва+ть, пре+по+оа+ва+ть, пре+по+да+ва+тель, пре+по+йа+ва+тель+ск+ая).