Жалғаудан кейінтұратын қосымшалар (Ностфикстер) Д.Түрсынов, Б.Хасанов, К.Бейсембаева т.б. ғалымдар орыс тілінде сөз тудырушы морфема ретінде тек сөз алды қосымшалар мен жұрнақтарды атаса, С.Исаев, Г.Нуркина қосымша сөз тудырушы морфемалар құрамына аффиксоидтерді, постфикстер мен ишерфикстерді де енгізеді. Постфикс — жалғаудан кейін тұратын, сөз тудырушы және грамматикалық мағынасы бар қосымша морфема (-ся, -те, -нибудъ, -таки, -ка, -либо). Мысалы, постфикстер белгісіздік есімдіктер жасайды (кто-нибудь, кто-то, какой-нибудъ, кто-либо т.б.). Сонымен қатар постфикстер сөздің формасын да туды-рады (пойдем-те, напиши-те; мыть — мыть-ся, держать —держать-ся т.б.). Қазақ тілінде ауылдагы, уйдегі дегендерде -да, -де -Жатыс септіктің жалгауы. Ал -ғы, -гі — зат есімнен сын есім жа-сайтын жұрнақ (ңыс+ңы, жаз+гы). Осыкы постфикс деуге бо-латын сияқты.
Аффиксоидтер және интерфикстер Орыс тілікде сөз тудыру функциясын атқаратын аффик-стер мен түбір морфемадан ерекшеленетін, түбірден кейін де, түбірдің алдында да түратын аффиксоид деп аталатын сөз бөлшектері бар, оғаи -пол, -горе, -стан сияқты элеменггер жата-ды. Мысалы: Казах-стан, горе-учитель, полу-мера, полу- Интерфикс деп күрделі, біріккен сездерді қосып тұратын дауысты дыбыстар аталады. Интерфикстер о, е, и, ех формаларында біріккен сөздерде кездеседі: семилетка, трех-кратный, водопад, сталевар т.б. Кейбір тілші-ғалымдар (И.Моисеев т.б.) интерфикске -ан, -итан сияқты сирек кездесетін сөз бөлшектерін де жатқызады. Мысалы: американский, неаполияшнский т.б.’
Тағы бір топ ғалымдар сөз тудырушы аффикстерге нөлдік аффикстерді де жатқызады. Нөлдік қосымша деп ешқандай дыбыспен белгіленбейтін бөлшекті атайды2(0). Мыса-лы: нет ламп — кепт. форма, Ілік септік, 0.
Қазақ тілінде де грамматикалық 0 форма кездеседі. Мы-салы: ол студент, кеше келген т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Орыс тіліндегі ішкі флексия деген не?
Орыс және қазақ тілдеріндегі түбір морфема.
Орыс және қазақ тіліндегі жұрнақтар.
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айырмашылықтары.