Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#71969
1   2   3   4   5
Үй-ішің аман ба?» сияқты сұрақтармен басталып жатады. Этнографиялық коммуникация мен басқа 
да ғылыми бағыттар сөйлеу əдебінің ұлттық-мəдени ерекшеліктеріне сүйенеді.
2) Сөйлеу этикеті — тарихи «əлеуметтік мұраға қалады». 
Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт бойынша өзгеріп 
отырған тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу 
этикетін анықтайды. Адам қатынасының əлеуметтік детерминациясы сөйлеу этикеті əр уақытта 
қайтадан пайда болады дегенді білдірмейді; олар «əлеуметтік мұраның» тəсілі ретінде мəдени дəстүр 
механизмі арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі». Мысалы, қонақ күту, оны қарсы алу, дастархан 
басындағы əңгіме тақырыбы, тамақ беру (сыйлы қонаққа берілетін ас түрлері), тағы басқа дəстүрлі 
этикеттер. «Этикеттік белгілердің саны шексіз, ол консерватизм мен тұрақтылық белгісіне 
қарамастан, қоғаммен бірге дамиды, біреуінің орнына біреуі келіп қосылып жатады» [1;7]. 
Ауызекі қатысым, немесе тілдік қатынас, адамдардың қоғамдағы əдебін қалыптастыратын 
маңызды үрдіс болса, тіл олардың объективті дүниетанымының деңгейін көрсетеді. Осы тұста 
Л.П.Якубинский сипаттаған əңгіме тақырыбына қатысты, тұрмысқа байланысты, əдеттегі қатысым 
жағдаяттарында жиі қайталанатын типтік фразалар біздің жадымызда дайын тұрады. Мəселен, 
Мейрамыңыз құтты болсын! — Рахмет; Нəрестенің бауы берік болсын! — Айтқаныңыз келсін. 
Жалпы типтік фразалар стереотиптердің нақты тобын, тұрақты сөйлеу формулаларын құрай отырып, 
адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнауына қызмет етеді. Коммуниканттар осы 
формулалардың көмегімен ынтымақтастықтың белгілі ережелеріне сүйенетін жоғары мəдени 
деңгейлі, сəтті қатысым қалыптастырады. Бұл тұрақты формулалар сөйлеу этикеті бірліктерінің 
микрожүйесін құрайды. Сөйлеу этикетін нақты тілдік құбылыс деп жүйелеп зерттеген еңбектердің 
бары сөзсіз. Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер де бұл мəселені назардан тыс қалдырған емес. 
Отандық тіл білімінде біраз зерттеу жұмыстары қазақша сөйлеу тіліне тəн этикет формулаларының 
əмбебап табиғатын ашатын ерекшелігін əр түрлі бағытта қарастырған. 
Бата-тілек сөздері сөйлесу этикеті ретінде жүріп, белгілі бір жағдайға байланысты шартты 
мағынаға ие болады. Олардың мағыналық тараулары сəлемдесу, қоштасу, құттықтау, алғыс білдіру 
сияқты адамдардың əр түрлі жағдайларында кездеседі. Семантикасынан бағалауыштық мəн 
байқалады. Мысалы: кездесу кезінде айтылатын тілектер: қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш; 
қоштасу кезінде: жолың болсын, кездескенше күн жақсы болсын т.б. Құттықтау тілектері: аспаның 
ашық болсын, денің сау болсын т.б. Ал тілек-баталарды қолдануда сөйлесімге қатысатын тек айтушы, 
ол берілген тілегі арқылы өз мақсатының жүзеге асуын көздейді. Тілектер болған оқиғаға 
байланысты, қарым-қатынас түріне қарай, жасына, жынысына қарамай үлкен де, кішіге де беріледі. 
Сондықтан эмоциялық пен бағалауыштық қызмет диалог арқылы емес, монолог арқылы жүзеге 
асады. Осы орайда тілек-батаның əсер туғызушы қызметі де бүтіндей мəтін ретінде прагматикалық 
аспектіні құрастырады. Мысалы: 
Е, құдайым оңдасын, 
Қыдыр келіп қолдасын. 
Бас аман, мал түгел болып, 
Береке, бірлік орнасын! 
Алғыстарды, немесе баталарды, естігенде, олар жағымды сезімнің əсерінен туындағанын 
аңғарамыз. Тілек білдіру кезінде ішкі эмоция арқылы дауыс ырғағы реттеледі. «Баталардың 
прагматикалық бағыты риза болу, сүйіну, көңіл білдіру, ықылас таныту, қуану сияқты көңіл-
күйлермен ұштасып жатса, қарғыстарда табалау, сөгіс білдіру, жақтырмау, мұқату сезімдері қабат 
келіп жатады. Мұндай эмоцияға толы сөздердің адам психикасына əсері мол» [3;85]. 
Батаның ғибратты-дидактикалық жəне коммуникативті қызметін басқа да тілдік бірліктердің 
бойынан байқауға болады. «Бата сөзі, бір жағынан, халық шығармаларына жататын тілі көркем
мазмұны келісті сөз үлгісі болса, екіншіден, тəлім-тəрбиелік мəні айрықша байырғы мұрағаттардың 
бірі. Халқымыздың бата беру, ізгі тілек айту салты, үшіншіден, сөз əдебі немесе, ғылым тілімен 
айтқанда, сөз этикеті деген аса мəнді «ережеге жатады»» [4]. Осы тұста, белгілі бір коммуникативті 
интенциямен жұмсалатын кез келген тілдік бірліктердің пресуппозициясына, фатикалық 
компонентіне, иллокутивті қызметіне бағытталған дайын жауаптардың да бар екенін айта кеткен жөн. 
Мысалы: Ораза қабыл болсын! — Айтқаныңыз келсін!; Сапарыңыз сəтті болсын! — Айтсын!; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет