Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері
Серия «Филология». № 3(67)/2012
59
Тіл мəдениеті, тілдік норма туралы Р.Сыздықова, М.Балақаев, М.Серғалиев, Н.Уəлиев өз
еңбектерінде жан-жақты қарастырған болатын. Қазіргі уақыт талабына сай, сондай-ақ, əлемдік тіл
ғылымында тіл мəдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» ретінде аталып, əрекеттестік (яғни, екі
жақтың өзара қатынасының) бағытында зерттеліп жатыр. Осы əлемдік тіл мəдениеті көтерген
мəселелерін қазақ тілі ғылымында жан-жақты зерттеудің прагматикалық аспекті арқылы шешу
міндеті алға қоюлуда. «Тіл мəдениетінің басты мəселесі — тілдік құралдардың көмегімен қарым-
қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Əрине, мұндайда тілдің эстетикалық, əдемілік жағынан
əсер етуі басты назарға алынады. Демек, əркімнің жүріс-тұрысында, жалпы болмысында мəдениетті
болуының қажеттілігі сияқты, сөйлеу, жазу үстінде де адамның, əр сөзді, сөз тіркесі мен сөйлемді
тиісті мағынасында емес,
соған қоса, тартымды, əсерлі қолдана білуі кең мағынадағы рухани
мəдениеттіліктің бір саласы ретінде қаралуы тиіс. Тіл мəдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі
белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дəлдік, логика, тазалық,
мəнерлілік, сөздің байлығы жəне қисындылық» [11].
Тіл мəдениеті сөзді дұрыс, тəртібімен ғана пайдалану болып саналмайды, тіл мəдениеті
эстетикалық бағдарды қамтамасыз етеді. Ол өзінің ең жоғары деңгейінде стилистикамен түйіседі,
оның мəселелеріне игі ықпал етіп, стилистикалық норманың қалыптасуына толық мүмкіндік жасап
береді. Стилистикалық нормадан тілдік норманың өзгешелігі мынада: əдеби тілдің тілдік нормасын
қолдану аясы шектеулі емес. Тілдік норма жалпы қолданыстың дұрыстық сапаларын игеріп отырады.
Тілдік норманың функционалдық табиғаты варианттылықтың бар болуымен байланысты. Тілдік
тəсілдердің варианттылығы əдеби тілдің функционалды-стилистикалық жіктелуін қамтамасыз етеді.
Тіл нормасы белгілі жүйелілік пен бірізділікке бағынады. Əр халықта бір-біріне ортақ болып келетін
лексикалық мағынасымен бірге сыпайылық мағына білдіретін сөздер көп екенін байқауға болады.
Сөйлеу этикетінің табиғатына келсек, сөйлеу этикетінің микрожүйесі — тілдік
қатынас
барысында əлеуметтік-реттеу қызметін атқаратын тілдік амалдардың жиынтығы. Бұл жүйенің екі
жақты бағыты бар, біріншіден, сөйлеу этикеті тілдік жүйеге жатады, оның бірліктері тілдік нормаға
тəуелді. Ал, екіншіден, сөйлеу этикеті жалпы этикеттің құрамдас бөлшегі ретінде адамның тəртібін
басқаратын басқа формалармен тығыз байланысты. Объективті шарттар адамдардың əрекетін
реттейтін болғандықтан, мұндай əрекетті өзіне сай ережелер, нормативтер бақылайды. Сондықтан да
əлеуметтік нормалар əлеуметтік келісімнің маңызды механизмі қызметін атқарады. Демек сөйлеу
тілінің қозғалысты, субъективті сипатымен байланысты сөйлеу нормасы болады. Ал сөйлеу
нормасын «тілдік қолданыста таңдап, белгілеп пайдаланатын тұрақты, дəстүрлі тілдік құрылымның
элементтерін сыртқа шығару» деп анықтайтын болсақ, онда бұл дегеніміз, нені айтуға болмайды,
белгілі қоғамдағы дəстүр бойынша қалай айтуға болатынына көңіл бөлу керек.
Əр заманда əр халыққа тəн əдептер мен дəстүрлер өмірге келіп,
соларға сай сыпайылық
қағидалар туындап, ғасырлардан ғасырларға жалғасып, ұласып жатады. Тыңдаушының сөйлесім
мазмұнын дұрыс қабылдауы пікірлесімге қатысушылардың сөйлесу тəжірибесінің ортақ сипатына
тікелей байланысты. Осы тұста П.Грайстың атақты ынтымақтастық қағидасы да адресаттың
коммуникативті қызығушылығын есепке алу керектігін көздейтінін айта кеткіміз келеді. Басқаша
айтқанда, бұл қағиданың негізінде қатысымның сəтті жүзеге асуы алдымен тыңдаушыға тікелей
байланысты екендігі жатыр. Сонымен, П.Грайс ұсынған ынтымақтастық қағидасы: «1) белгілі
хабарды айт; 2) тек қана шындықты айт; 3) тақырыптан ауытқыма; 4) анық сөйле; 5) сыпайы бол», —
дейді. Бұл адресатқа қарағанда сөйлеушіге қойылатын коммуникативті міндеттердің талабы.
Сонымен, адресаттың ролін сөйлеудің тек əлеуметтік этикет формасы қана белгілемейді. Ол
сөйлеушіні өз сөйлеу əрекетін дұрыс ұйымдастыруға итермелейді. Демек кез келген ауытқу
тыңдаушының қайта сұрауларымен əшкереленуі мүмкін, себебі «сөйлеуге өңдеу жасау адресат
факторының қысымымен жүзеге асады [12].
Сөйлеу актілері арқылы тыңдаушыға əсер ету үшін сөйлеуші белгілі тіл бірліктерін қолданады.
Кез келген перлокутивті қызмет негізінде сөйлесімнің үш салаға: əрекетке, ойға, эмоцияға
бағытталған перлокутивті мақсаты жатыр. Сөйлеу актілерінің прагматикалық типтерінде (констатив,
квеситив, директив, менасив жəне т.б.) тілдік бірліктермен
берілген авторлық интенция
перлокуцияны да болжайды.
Сөйлеу əрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыру кезінде коммуникант қатысымға қатысушының
əлеуметтік сипатын, соның ішінде рольдік сипатын есепке алады. Себебі сөйлесу барысында адамдар
не тыңдаушы, не сөйлеушінің ролін қабылдайды да, əрекетке қатысты өз бағаларын береді. Қарым-
қатынас үрдісін əлеуметтік тұрғыдан бақылау қатысымдағы адамдардың рольдік репертуарына сай
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ф.Т.Саметова
60
Вестник Карагандинского университета
жүргізіледі. Психологияда роль дегеніміз — əркімнің əр түрлі əлеуметтік позицияда өзіне
тағайындалған, белгіленген əдебі. Əрине, бір адам жағдаят түріне қарай əр түрлі роль (əке,
отбасының мүшесі, маман, тұтынушы, жолаушы т.с.) орындайды. Бұл жерде оның əлеуметтік ролінің
алатын орны ерекше. Себебі əлеуметтік рольдер қатысымға қатысушылардың сөйлеу əдебін
анықтайды. Жағдаят кез келген коммуникативтік актіге əсер ету есебімен қатысушылардың
əлеуметтік рольдерінің, олардың психологиялық күйін толық қарастырады. Сөйлеуші де, тыңдаушы
да өз ниеттерін сөйлеу қадамы арқылы білдіруі вербалды жəне əрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.
Қатысымға қатысушылардың мақсаты мен уəжі коммуникативтік жағдаяттың компоненттерімен
тығыз байланысты. Қатысымға қатысушылардың қоғамның мүшесі ретінде, сол қоғам белгілеген
əлеуметтік нормалар мен ережелерді қолдануын, сөйлеу этикетімен есептесуін қадағалайтын — уəж.
Мақсат — мүмкін нұсқалардың қолайлысын дұрыстап таңдау. Сөйлеу əдебінің нормасы əлеуметтік
жəне мəдени мəнбірлерге сүйенеді де, ұлттық ерекшелікпен ерекшеленеді. Сонымен осы сипатталған
мəселелерді ескере отырып, прагматикаға қайта оралсақ.
Кең тараған көзқарас бойынша, «прагматика» ұғымы — адамның тіл бірліктеріне деген
қатынасын зерттейтін сала. Ал тіл бірліктерін де адам қолданатын болғандықтан,
қатысым
прагматикасын тіл бірліктерінің өзара қарым-қатынасынан іздемеу керек, оны коммуникацияға
қатысушы адамдардың қарым-қатынасынан іздеген жөн. Себебі прагматиканың орталық категориясы
— субъект категориясы, əлеуметтік жағдаят категориясы, яғни, адресат факторы. Əрине, бұл сөйлеу
əдебінің қоғамдық белгіленген, дағдылы тəртібі екені рас, жəне сол қоғам мүшелері ұлттық
ерекшеліктің осындай сөйлеу формулаларында бекітілгенін біледі. Дей тұрғанмен, сөйлеу
формулалары тарихи құбылысқа, оқиғаға байланысты өзгермелі болады.
Бұл мысалдардың біріншісінде қазақ тілінде сөйлеуші реципиент үшін
ақсақалдың батасын алу,
сыпайы сөйлесу,
алғыс алу — мерейлі, мəртебелі іс, қоғамда белгілі бір қалыптасқан дəстүріміздегі
үлкенді сыйлау, кішіге құрмет жасау, қонаққа шақыру, бата алу сияқты əдеп ережелері тұрғанын
бірден түсінеді. Сонымен, сөйлеуші де, тыңдаушы да немесе адресант пен адресаттар — белгілі бір
əлеуметтік жіктің өкілдері. Адамның дағдылы іс-əрекеті немесе əлеуметтік əдебі,
оның ішінде сөз
əдебі, сол əлеуметтік қоғамға, ортаға лайық болады. Қатынасқа қатысушылардың жас ерекшелігі,
жынысы, мекені, кəсібі, жұмысы, отбасындағы орны оның əлеуметтік белгілері болып табылады. Кез
келген қатынасқа қатысушы адам өзінің əлеуметтік белгілеріне қарай, рөліне қарай сөйлейді.
Коммуникативтік тұлғалардың сөйлеуі тек жасына ғана емес, алған білім деңгейіне, өскен
ортасына, қызметі мен кəсібіне, бір сөзбен айтқанда, əлеуметтік мəртебесіне байланысты болып
келеді. Əдетте коммуникативтік тұлғаның жүріс-тұрысы, əлеуметтік əдебі сол ортада қалыптасқан
нормаға сай болады. Сол нормаға сай тілдік қатынас жасайды. Алайда сол қоғамда қалыптасқан
нормадан, ұстанымдардан ауытқыса, қатынас бұзылады. Сондықтан əрбір сөйлеуші сөйлеу
барысында
барынша сыпайылық сақтап, бірлестік, ынтымақтастық ұстанымын орынды қолдануға
əрекеттенеді. Сондықтан, тілде бар айла-тəсілдерді, тактикаларды ұтымды қолдану арқасында сəтсіз
коммуникативтік жағдаятты болдыртпауға тырысу керек.
Əдебиеттер тізімі
1
Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. — М.: Высш. шк., 2002. — 456 с.
2
Клюев Е.В. Речевая коммуникация. — М.: Рипол Классик, 2002. — С. 9.
3
Машимбаева А.Ж. Тілек-бата сөздерінің суггестиясы мен прагматикасы. — Алматы:
Арда, 2009. — 124 б.
4
Қобланова А. Қазақ сөз этикеті: Канд. дис. ... автореф. — Алматы, 1998. — 108-б.
5 Қазақ пьесалары. — Алматы: Өнер, 1957. — 256 б.
6
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. — Алматы: Білім, 1992. — 28-б.
7
Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. — Алматы: Ғылым, 1974. — 131-б.
8
Смағұлова Г. Мəтін лингвистикасы. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2002. — 36-б.
9
Болғанбаев Ə. Қазақ тіліндегі алғыс жəне қарғыс мəнді тұрақты тіркестер. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы
мəселелері. — Алматы: Өнер, 1960. — 117–121-б.
10
Уəлиев Н. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер жəне тілдік норма. — Алматы: Ғылым, 1993.
11
Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мəдениеті. — Алматы: Зият-Пресс, 2004. — 114-б.
12
Арутюнова Н.Д. Фактор адресата // Изв. АН СССР. (Сер. литературы и языка). — 1981. — Т. 40. — № 4. — С. 358.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ