Біріншіден, сөздіктің алғашқы томында сөздікте қамтылған терминдердің алты түрлі принцип бойынша қабылданып алынғандығын айтып өтеді. Олар: 1) дайын күйінде алынған кірме терминдер. Мысалы: Мысалы: фотоэффект, грамм, молекула, т.б.; 2) қазақ тілінде лайықты баламасы бар терминдер. Мысалы: линия двойная – қос сызық, мощность полезная – пайдалы қуат, т.б.; 3) алғашқы бөлігі кірме префикс те, екінші сыңары қазақша баламасы бар біріккен терминдер: инфрақызыл – инфракрасный, автотербеліс – автоколебание, т.б.; 4) сөз тіркесі күйіндегі кірме терминдердің бір сыңары сол күйінде қалдырылып, екінші сыңары қазақ тіліне аударылып алынған терминдер: обратимый процесс – қайтымды процесс, синусоидальная волна – синусоидалдық толқын, т.б.; 5) кейбір терминдерге қазақша екі не үш терминдер берілген. Мысалы: фон-фон, реңк-смещение-ығысу, жылжу, ауу, т.б.; 6) сөз тіркесі түріндегі терминдердің екі сыңары да сол күйінде алынған терминдер: квантовая теория – кванттық теория, т.б. Аталған принциптердің өзі терминологиялық сөздіктердегі терминдердің берілу жолдарынан жалпы түсінік береді.
Екіншіден, сөздіктің құрамында сол кездің өзінде-ақ, қазір қазақ тіліне аудардық деп есептеп жүрген терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасы берілген екен. Мысалы: рапорт - баяндау хат, посольство – елшілік, казна - қазына, денежный кризис – ақша дағдарысы, вера - наным, дін, памятъ - ес, денежный перевод - ақша аудару, наждак - зімпара (қайрақ) сияқты бірқатар терминологиялық сөздіктердің әр томынан алынған мысалдарды келтіруге болады. Бұл - қазақ тілінде терминдер қалыптастыруды сол кездің өзінде де ескеріп, қолға алған терминологиялық сөздіктердің үлкен жетістіктерінің бірі деу керек.
Сонымен бірге, үшіншіден, сөздік құрылымында кейбір терминдердің қазақ тіліндегі қосымша түсініктемесін жақша ішіне беріп отырған. Бұл сөздік құрылымына тән, қолданылған ұтымды тәсілдердің бірі деуге болады. Мысалы: аналогия - аналогия (ұқсастық), дотация - дотация (мемлекеттік жәрдем қаржы), гематоген - гематоген (қаннан жасалған дәрі), т.б. Мұндай термин сөздерге, әсіресе, кірме терминдерге қосымша түсініктеме беру қазіргі терминологиялық сөздіктер үшін де қажетті, әрі пайдаланушылар үшін тиімді терминдерді беру тәсілі болып табылады. Сонымен қатар терминологияны қолға алған алғашқы жылдарда экономика заңдылығы, халықаралық терминдер сияқты соңындағы жұрнақтар орынсыз түсіріліп қолданылған терминдер де осы сөздіктер арқылы бірізге түсірілген. Мұны сөздіктер сериясының экономика саласына арналған 7-томына жазылған алғы сөзде де құрастырушылар айтып өтеді. Бұдан шығатын ерекшелік - кеңес мемлекетінің ғылым мен техниканың дамуын қолға ала бастаған апғашқы жылдарынан орныққан терминдерді, оларды қолданудағы, қалыптастырудағы, терминологиялық сөздіктерде беру тәсілдеріндегі кемшіліктерді аталған сөздіктер сериясы түзетіп беруге ұмтылған.
Жинақтай келсек, 1959-1962 жылдары жарық көріп, қазіргі кезеңге дейін пайдаланыльш жүрген терминология лық сөздіктер сериясының қазақ терминографиясындағы маңызы үлкен. Тіпті бүгінгі терминография синхронды түрде қарастырылатын терминдерді қамтитын еңбек болып ееептелетіндіктен және соған сәйкес бүгінгі қазақ терминографиясының талаптарына жауап бере алмайтындығына қарамастан, қазақ тәжірибелік терминографиясының тарихында өзіндік орны бар еңбек ретінде бағалануға тиісті. Өйткені, кез-келген терминографиялық еңбек тарихи тұрғыдан кемшіліктері бола тұра, сол жіберілген кемшіліктерін кейінгі еңбектерде ескеруге жол сілтей отырып, терминологиялық сөздіктер жасау тәжірибесін байыта отырып, қазақ терминографиясының тарихынан өз орнын тапқаны жөн.