Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қазақ тіліндегі мәдени лексика жүйесінің қыпшақтық қабатын тіларалық салыстыру арқылы анықтау



бет45/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

1.5 Қазақ тіліндегі мәдени лексика жүйесінің қыпшақтық қабатын тіларалық салыстыру арқылы анықтау.
Әбдіре ~ абдыра (қырғ.). Э.В.Севортян оның тегін моңғолдық деп топшылайды.
(Аяқ) айақ (ыдыс) ~ ajaq (қарайым, құмық, қырғыз, ноғай, башқұрт). Біздіңше, айақ сөзі мен ая (алақан деген мағынадағы) сөздерінің арасында мағыналық жақындық бар десек, оларды біртектес ұяда қарастыруға болады.
Айран ~ ajran (қырым татарлары, қарайым, құмық, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, башқұрт) ~ әйрән (татар). Айыр= етістігімен сабақтас айран атауы ескі түркі тілінде adir тұлғасында да қолданылған. Мысалы, adir – «айыру», «ажырату», adril – «айрылу», «ажыратылу», «бөліну» т.б. [ЕТС, 11-13]. Сонымен бірге қазақ тіліндегі айыр етістігімен бірдей abir, abis, abril, abris дыбыстық нұсқасындағы тұлғалары да бар [ЕТС, 15-16]. Демек, айыр~adir~abir тұлғаларын тектес, мағыналас, дыбыстық параллельдер деп қарап, ортақ түбірін ай // ad // ab деп санау Г.Вамбери, В.Банг, Брокельманның пікірлеріне саяды [ЭСТЯ, 115].
Ay~aғ (қырым татарлары, қарайым) ~ (ноғай, қарақалпақ, башқұрт) ~ уу (қырғыз). Г.Вамбери мен М.Рясянен ағ (ау) сөзі мен ав (аң аулау, аулау) сөзінің арасында байланыс бар деп қарайды [ЭСТЯ, 118].
Ақша ~ акча (қырым татар, қырғыз, татар) ~ ақша (ноғай, қарақалпақ) ~ ақса (башқұрт) ~ ахча (қарайым). Біз ақша атауын > ak+ce «ақшыл», «күміс» деп қараған Г.Вамберидің, ақша > ayi «қазына, қымбат мүлік» деп қараған Г.Рамстедтің пікіріне қосылатынымызды алдағы тарауда көрсеткенбіз [ЭСТЯ, 120]. Бұл екі ғалымның пікірі, біздіңше, бір-біріне қайшы келмейді. Себебі aji деген сөзге байланысты ескерткіштерде келтірілген контекстен aji – «қазына», «қымбат мүлік» дегенде оның дені күмістен тұратыны көрінеді. Ал күміс түсінің ақ түспен байланыстылығы, тіптен оның ақ емес ақшыл екендігі осы атаудың ономасиологиялық уәжін белгілейтін сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет