Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі25,61 Kb.
#17186
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 02 2021

Мәтін бойынша сөздік

сауық – увеселение, развлечение

жолаушылау – находиться в пути, странствовать

қыз-келіншек – девчата и молодухи

жеңге – женге, невестка (жена старшего брата или близкого

родственника)

іні – младший брат

бойжеткен – девушка-невеста

қарындас – 1) младшая родная или двоюродная сестра (для

брата, но не для сестры)

2) форма вежливого обращения старшего по возрасту

мужчины к девушке

бозбала – юноша, молодой парень; (неженатый) паренек

томаға-тұйық – обособленный, ни с кем не общающийся, замкнутый

[человек], сам по себе

замандас – 1) современник 2) ровесник, сверстник

қонақ – гость

әзіл-оспақ – шутка с намеками


5-тапсырма. Әр бағанды толтырып жазыңыздар.

Антоним Синоним Омоним

қорғау – құрту, жою

табиғат – жаратылыс

қара – қара шаш, тақтаға қара

лас – түр – айт –

әлді – салмақты – бас –

азаю – өнерпаз – жүз –

ұзын – күшті – сана –

көңілді – халық – ой –

сулы – әдемі – ара –

құпия – құпия – ат –


6-тапсырма. Қай сөйлемде өтініш, ал қай сөйлемде бұйрық лебізі білдірілгендігін анықтаңыздар. Өз жауаптарыңызды дәлелдеңіздер.

Маған бір стақан су әкеліп берші!

Маған газетті әкеле қойшы.

Жарықты сөндір!

Жарықты өшіруіңізді өтінемін.

Жылжыңыз!

Бері қарай жақындасаңыз.
7-тапсырма. Қажетті сөзді не сөз тіркестерін тауып орнына қойыңыздар, айтылған ойдың мағынасын түсіндіріңіздер.

1. Өнер алды – ... ... .

2. Халық тілі – ... ... .

3. Әркімге туған тілі – ... ...,

Оған бала міндетті сан мың есе. (С. Мұқанов)

4. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі – ... ....

5. Адамның төрт анасының бірі –

... ... – сатылмайтын байлығы. (М. Шаханов)

6. Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі, түрік

тілінің ішіндегі гауһары – ... ... . (М.Ж. Көпейұлы)

7. Қазақ тілі – ұлт болмысының бір ... . (Н. Назарбаев)

8. ... – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының

бірі. (А. Байтұрсынов)

9. Ғашықтың тілі – ... ... . (Абай)

10. Егер ана тілін білмесең,

Сен ол ... ... емессің. (Ғ.Қараш)

11. ... ... ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді.

(Ғ. Мүсірепов)

12. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең ... әрі ең ... тіл.

(П.М. Мелиоранский)

13. Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –

бүкіл ... ..., ... ұмыту. (Б. Момышұлы)

14. Батар, кетер келмеске күнім менің,

Қалар бірақ ... тілім менің. (М. Мақатаев)

15. Сақтар болсаң, халқыңды – ... сақта,

Баға жетпес мұра жоқ ... басқа. (Ә. Сәрсенбаев)

Қажетті сөздер: қызыл тіл, туған шеше, ой өсіреді, ұлттың

баласы, туған тілі, қазақ тілі, тарихымызды, көрінісі, тіл, тілді, тілсіз

тіл, қайнар бұлақ, ана тілі, таза, бай, ата-бабамызды, киелі, тілден.


8-тапсырма. Төмендегі туыстық атауларды білдіретін ұғымдарымен бағыт арқылы байланыстырыңыздар. Тағы қандай туыстықты білдіретін терминдерді білесіздер. Орыс тіліндегі туыстықты білдіретін атаулармен салыстырыңыздар.

Ата – балалы болған ер адам

Әже – ағайынды адамдардың жас жағынан үлкені

Әке – бір туған қыздардың жас жағынан үлкені

Ана – бірге туған ағасынан жасы кіші қыз

Апа, әпке – бір анадан туған қыздардың кішісі

Қарындас – жасы үлкен ағаның, туыстардың әйелі, жұбайы

Сіңлі – інісінің, сондай-ақ жасы кіші басқа да ағайынтуғандардың әйелі

Іні – әкенің әкесі

Аға – әкесінің шешесі

Жеңге – бір туған ер адамдардың жас жағынан ең кішісі

Келін – балалы болған әйел, туған шеше


9-тапсырма. Төмендегі орыс және қазақ тілдеріндегі туыстық атауларды оқып, есте сақтаңыздар.

Семантика қазақ орыс

Күйеуінің ағасы қайын аға деверь

Күйеуінің інісі қайын іні деверь

Әйелінің ағасы қайын аға шурин

Әйелінің інісі балдыз шурин

Күйеуінің апайы қайын бике золовка

Күйеуінің қарындасы қайын сіңлі золовка

Әйелінің апайы қайын бике свояченица

Әйелінің сіңлісі балдыз свояченица

Апайының күйеуі жезде зять

Сіңлісінің күйеуі күйеу бала зять

Ағасының әйелі жеңге сноха, невестка

Інісінің әйелі келін сноха, невестка

10-тапсырма. Төмендегі «достық», «жолдастық» туралы мақал-мәтелдерді оқып, оларды қалай түсінетіндеріңізді айтыңыздар? Ана

тіліңізде осыған ұқсас қандай мақал-мәтел бар?

 Жолдасын тастаған – жолда қалар.

 Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

 Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

 Жолдасты жол айырады.

 Жаман жолдастан мықты таяқ артық.

 Сыйласу екі кісіге бірдей.



 Жолдасы көптің – олжасы көп.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет