Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі25,61 Kb.
#17186
  1   2   3   4   5

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Нұрсұлтан Назарбаев

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттары). Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы (1996) және осыларға негізделген Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңы (1997) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тілге – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылар санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексикафразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет

етуіне мүмкіндік береді. Міне, осы айтылғандардың барлығы қазақ тілінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерінде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, ғылымның салааралық түрлерінде, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм; денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру

орындарында; мәдени мекемелерде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында;

Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, республикааралық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындарда, т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпыхалықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

Мемлекеттік тілдің жоғарыда аталған қоғамдық қызметін мінсіз атқаруы үшін оның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі нормаларын қатаң сақтау, жарыспалы қолданыстарды (босаң нормаларды) ғылыми негізде саралап, тиімді нұсқаларын сөздіктер мен грамматикаларда дер кезінде заңдастырып отыру аса қажет. Тілдік нормамен байланысты мұндай шаралар мемлекеттік тілдің мәдениетін көтереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет