Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет69/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
Байланысты:
Снимок экрана 2022—09—08 в 14.18.19

И - икемді жан.
Ш - шығармашылыққа толы.
І - көрнекті өнер иесі.
3-жұп. Вербалды-лингвистикалық зият:
1-студент. Мəтіннен театрға байланысты сөздер жазады.
2-студент. Олармен сөйлем құрастырады.
4-жұп.Тұлғааралық зият:
1-студент. Тақырыпқа сай мамандық атауларын жазады.
2-студент. Олардың жасалу жолын анықтайды. Мысалы:
режиссер-лер, əн-ші-лер.
5-жұп. Визуалды – кинестетикалық зият:
1-студент. Қимыл жəне драма арқылы кез келген мамандық
иелерін көрсетеді.
2-студент. Жасырылған мамандықты табады.
6-жұп. Дене-кинестетикалық зият: Оқытушы екі студентті
режиссер - сценарист ретінде белгілейді, олар сценарий
құрастырады.
4-ТАҚЫРЫП: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА. ТЕАТРДА.
Грамматика: етістік +а/е/й алу құрылымы
ТЫҢДАЛЫМ. 
Ақпараттың 
ретін 
табу, 
негізгі
ақпаратты табу.
1-тапсырма. Көрсетілген сілтеме бойынша сюжетті тыңдап,
тақырыбын анықтаңыз.


«Əлемдегі ең үлкен театрлар» туралы
https://youtu.be/E-9AkDt1JGw
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Тақырып бойынша «ПОПС формуласын»
толтырыңыз.
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшіншісөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен
дəлелдей аламын… »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім…»
Назар аударыңыз!
Жасалу жолы: етістік +а/е/й алу құрылымы
1 Мен
етістік +а/е/й
алу
бара аламын, оқи аламын, іше аламын/
бара алмаймын, оқи алмаймын, іше
алмаймын
2 Сен
етістік +а/е/й
алу
бара аласың, оқи аласың, іше аласың/
бара алмайсың, оқи алмайсың, іше
алмайсың
Сіз
етістік +а/е/й
алу
бара аласыз, оқи аласыз, іше аласыз/
бара алмайсыз, оқи алмайсыз, іше
алмайсыз
3 Ол етістік +а/е/й
алу
бара алады, оқи алады, іше алады/ бара
алмайды, оқи алмайды, іше алмайды
АЙТЫЛЫМ.
3-тапсырма. «Сыни тұрғыдан ойлау» əдісі бойынша сұрақ-
жауап:
1. Сіздің қалада қандай театрлар бар?
2. Сіз қашан жəне қандай театрға бардыңыз?
3. Қандай қойылымды тамашаладыңыз?
4. Театрда кімдер қызмет істейді?
5. Көрермендер актерлерге қандай қошемет көрсетеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет