Кері байланыс: оқушылардың жауаптарын тыңдау, ауызша тексеріп
комментарий беру.
10 мин
жұптық жұмыс
Суреттер
Оқулық
«Тыңдайық» айдарында ұсынылған тапсырмада оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы, оның ішінде дауылпаз туралы мәтінді тыңдай отырып жүргізіп оқиды. Аспаптың ерекшелігін, дауылпаздан қандай үн шығатынын түсінеді. Осымен байланысты лексикалық тіркестерді меңгереді. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін мүмкіндік болып жатса, интербелсенді тақтадан суреттерін көрсетеді. Мұғалім оқушыларға бұл – қазақ халқының ұлттық аспаптар екенін айта отырып, олардан түрлі әуенді үн шығатынын түсіндіреді.
Оқушыларға мәтінді тыңдап болғаннан кейін іштей оқып шығуына, өз бетімен мәтіндегі сөздерді түсінуіне мүмкіндік беру керек. Мәтінді оқытуда
«Белгі қою» әдісін қолданады. Оқушылар мәтінді оқып отырып, ондағы түсінбеген сөздер мен сөйлемдеріне белгі қойып отырады. Мұғалім оқушылардың түсінбеген сөздері мен тұтастай сөйлемдері болса, қайта түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, дауылпаздың неліктен соғылғанын болжап айтады.
Осы тапсырма көлемінде 4.1.5.1 Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау оқу мақсаты игертіледі.
8 мин
Аудиодиск
Оқулықтың келесі тапсырмасы «Тыңдап және жауап берейік» айдарымен ұсынылады. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің мәтіннен түсінгендері бойынша ақпаратты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жіктейтін болады.
2мин
«Ойланайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың грамматикалық білімді өздері қорытып, анықтай білуі үшін берілген. Бұл тапсырманы орындауда кестедегі сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығы неде екенін айтады. Сөйлемдердің шақтық мағынасын мұғалім түсіндіреді. Өткен шақта орындалған іс әрекеттің мезгілдік айырмасын берілген мысал сөйлемдермен
нақтылайды.
5 мин
«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге етістіктің шақ формаларын ауызша/шазбаша тілде қолдану. Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы етістіктің шақ формаларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады. Мәселен, сөздерді үлгіге қарап өзгерт. Үлгі: беру-берген Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен есістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану оқу мақсаты жүзеге асырылады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Ойнайық» айдарымен ұсынылған 5-тапсырмада оқушылар суретті картаны қолданып ойын ойнауына болады. Оқушы асық шиыру арқылы немесе көзін жұмып таңдау арқылы жерде төңкерулі жатқан суретті картаны алады да өз жұбы туралы мәлімет береді. Ол үшін оқулықта берілген үлгі сөйлемді басшылыққа
алады.