4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын
анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
Сабақтың өмірмен байланысты болуын қамтамасыз ету мақсатымен мұғалім осы сабақты кондитерлік зауыттан твикс шоколадының шығарылуы туралы жарнаманы көрсетеді. Оқушылар жарнаманы тамашалап болғаннан кейін оқиғаның қай жерде болғанын, онда не өндірілетінін, онда кімдер жұмыс жасайтындығын қарапайым тілді қолдана отырып сұрайды. Оқушылар бұрыннан бар білімдерін қолданып қойылған сұрақтарға өз жауаптарын айтады. Осы мезетте кондитер, безендіру, қоспа, миксер, араластыру сынды сөздерді оқушылар алғаш естиді. Бұл алда таныстырылатын жаңа сөздерді оңай қабылдауға өз септігін тигізетін өте пайдалы басқыш болып табылады. Одан әрі мұғалім оқушылардың назарын оқулыққа аударып, жаңа
сөздерді үйретуді бастайды.