4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Атомдар мен молекулалар» ойыны.Әр оқушы – жеке атомдар. Мұғалімнің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Мұғалім қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Осылай бірнеше рет қайталанады. Соңында атомдарға бірігуіне қарай оқушылар топқа бөлініп отырады.
(МК, Ұ) Қызығушылықты ояту «Ребус шешу». Оқушылар ұсынылған ребусты қарайды, шешуін табады.
Суреттегі берілген заттардың атауын еске түсіру, ребуспен қалай жұмыс
істеу керектігін түсіндіру. Оқушылар ребус арқылы өз білгендерін айтады. Содан кейін оқулықта берілген сурет сабақтың алғышарты ретінде қолданылады.
Мысалы, мұғалім оқушыларға:
Суреттен кімді көріп тұрсың?
Қыз не істеп жатыр?
Саған тігінші болған ұнай ма?
Осы секілді сұрақтарын қою арқылы берілген сабақтың тақырыбын ашады. Күнделікті өмірмен байланыстыра айтуларын сұрау.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы) (Ұ) «Жаңа сөз үйренейік» айдары. Сөздік жұмысы: жіп, қайшы, түйме, ине сөздерін меңгерту жүзеге асырылады
Осы сөздердің мағыналарын ым-ишара арқылы түсіндіру.
оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
тізбекпен оқиды.
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
Сөйлемдер құрастыру.
Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
3 мин
Мұғалім-сынып
Суреттер
«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, мағыналық ерекшеліктерді түсінуі үшін ұсынылған болатын. Бірінші бағанда нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз бірақ жоспарда бар істер туралы айтқанда қолданылатынын, ал екінші бағанда ертең нақты орындауға ниетті болғанда қолданатын құрылым екенін мұғалім оқушыларына ұғындырады. Егер сынып оқушыларының тілдік деңгейі мүлде төмен болатын болса, екі бағандағы білім мазмұнын екі сабаққа арнайы бөліп ұйымдастыруға болады, үшінші сабақта ғана салыстырып пысықтауды өткізу немесе өткізбеу мұғалімнің өз еркінде.
Негізгі бөлім
«Есте сақтайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада сөйлемдерді оқып, мағыналық өзгешелігі мен ұқсастығын табады. Оқушыларға жоспарлы жұмыстар туралы айтуда сөйлем құрылымының қандай болатындығы туралы мұғалім жете ақпарат береді.
7 мин
жұптық жұмыс
Суреттер Оқулық
«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада жақшаны ашып, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі қосымшаларын жалғап жазады. Мысалы, тігу-тіккелі, қию-қиғалы.
Үлгі: Мен орамал тіккелі жатырмын.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен бір-біріне «Бүгін не істейсің?» сұрағын қою арқылы алдағы жоспарлы әрекетін баяндап үйренеді.
Үлгі: Мен қазір үйге қайтқалы жатырмын. Одан соң сабақ оқығалы жатырмын. Орындалатын оқу мақсаты – 4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану.
6 мин
Мұғалім-сынып
Кесте Оқулық
«Оқиық және жауап берейік» айдарымен ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіруге арналған. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бөліктерінің ретін анықтайды. Берілген суреттердің ішінен мәтінге қатысты суретті тауып, сол сурет бойынша әңгімелейді.