Саралау тапсырмасы. Оқушылар диалогті оқып болған соң, өз сөзімен не туралы екенін баяндап береді. Мұғалімнің шеберлігіне қарай қабілеті жоғары оқушылар «Репортер» әдісін қолданып, жүргізуші мен оқушылардың сұхбатын рөлдік ойын ретінде көрсетуге болады. Оқушыларға тірек сөздер немесе диалогке қажетті сөз тіркестері алдын ала берілуі қажет. 4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау оқу мақсаты игертіледі.
5 мин
Мұғалім-сынып
Сурет,
репортер әдісіне арналған микрофон, тілшілердің папкасы, қалам
«Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін бекітуге арналған. 4.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру оқу мақсаты қосымша жүзеге асады.
10 мин
Жеке ж. Жұптық
жұмыс Сынып
Қорытынды бөлім
Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушылармен «Ең жылдам» әдісін қолдана отырып, ойын ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар логикалық ойлауда ширақтыққа, жылдамдыққа тез бейімделеді және оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Оқушыларға бүгінгі сабаққа қатысты сөздер керісінше жазылып беріледі. Сөздер тақтада маркермен А4 парағына жазылып ілініп тұрады. Кез келген оқушы шығып, сөзді дұрыс жазып беруі керек. Жылдам әрі қатесіз жазған оқушы марапатталады.
Мысалы: қылах, тлұ, қарыңаш, ігңәм, ле нағут, емрөк, терус т.б.
Рефлексия. Оқушыларға «Жетістік баспалдағы» ұсынылады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қай баспалдақта тұрғанын көрсетеді.
Үйге тапсырма ретінде оқушыларға «Туған ел» тақырыбына фотоколлаж жасап келуге тапсырма беруге болады.