Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет31/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Орындап үйренейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар каллиграфиялық
нормаға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, берілген
сөздерге көптік жалғауын қосып жазып шығады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Тақырыпқа қатысты суреттер, А3 парағы, түрлі
түсті маркерлер


-дар

-дер

-лер


Нелер?
мемлекет рәміз ұлан халық
ел шаңырақ
ту елтаңба бала
жер
ұлт

-тар

-тер

-лар










«Ойнайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Оқушылар сол суреттерге қарап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Бұл тапсырманы орындауда саралау тапсырмасын орындатуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушылар сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындату барысында «Айналма бекет» әдісін қолданған тиімді. Әр топқа берілген суреттер келесі топтармен алмастырылып отырады. Нәтижесінде бір суретпен оқушылар бірнеше сөз тіркестерін, бірнеше сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін бағалауды үйренеді. Ең жақсы сөйлем құрастырған топ «Дүркін шапалақ» әдісімен оқушылар тарапынан бағаланады. Тапсырманы орындамас бұрын ойынның шарты түсіндірілуі тиіс. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын дамытуға, алған білімдерін бекітуге, сөйлеуін дамытуға арналған. 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру, оқу және 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу мақсаты жүзеге
асады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып

Суреттер

«Тыңдайық» айдарында оқушыларға бүгінгі сабақта меңгерілген бірнеше сөзді алдымен дискіден тыңдайды, содан соң мұғалім оқиды, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды. Бұл жаңа сөздерді жаттауға көмектеседі. (Мысалы: Елбасы, елтаңба, гимн, ұлан, мемлекет). Оқушылардың сөздерді қатесіз жазуына айрықша көңіл бөлуді жоспарлап жатса, яғни сыныпта қабілеті нашар оқушылар болған жағдайда сөздерді еске сақтап жазу тапсырмасын ұйымдастыруға болады. 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір
жолға көркем жазу мақсаты жүзеге асады.

7 мин

Жеке жұмыс

Сынып


Оқулық

Қорытынды бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет