Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Өтілген бірнеше сабақты қорыту мақсатында



бет39/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Өтілген бірнеше сабақты қорыту мақсатында оқушыларға
пысықтау сұрақтары қойылады. Мұғалімнің қолындағы қоржыннан оқушылар түрлі түсті қағаздарға жазылған сұрақтар алады.

  1. Сен қай қалада тұрасың?

  2. Қай қалада көмір өндіріледі?

  3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

  4. Тудың түсі қандай?

  5. Әнұранның авторларын ата.

  6. Елтаңбада нелер бейнеленген?

  7. Қазақстан қандай мемлекет?

  8. Қай аймақта түйені көп өсіреді?

  9. ҚР президенті кім?

  10. Барыс қандай аң?

  11. Қыран қандай құс?

  12. Тұлпар қандай жылқы?

7 мин

Сынып-мұғалім

Сұрақтар салынған қоржын




Рефлексия
«Білім ағашы» – өтілген тақырыптар бойынша есінде қалған 5 нәрсені жазып, білім ағашына іледі.


5 мин




«Білім ағашы», стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары
болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.
Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.




  • Бағытты түсіндіре алады.

  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

  • Көптік, септік жалғауларын дұрыс жалғай алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет