Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет53/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Назар аудар! Мен-менің Сен-сенің
Ол-оның
а) нұсқасында оқушылар «Ненің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды. ә) нұсқасын орындауда «Кімнің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды.
Оқушылар көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды қойып оқиды. Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.4 Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану оқу мақсаты игертіледі. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі
бойынша бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушылар суретке қарап ереже шығарады. Оқушылардың ережені меңгерулері, есте сақтаулары, ойлау дағдылары дамиды. Ережені бір-бірлеріне
айтып, дұрыс/бұрыс екенін тексереді.

5 мин










«Анықтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға оқулықтағы қаланың картасы ұсынылады. Оқушылардың назары кітаптағы суретке аударылады. Оқушылар осы картаға қарап, ненің қайда орналасқанын айтады. Берілген сөйлемдердің дұрыстығын тексереді. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың қызығушылығы артады, логикалық ойлауы дамиды, көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сурет бойынша қай сөйлемнің сәйкес екендігін табады. Сондай-ақ оқушылардың осы тапсырманы орындауы арқылы көмекші есімдер
мен ілік септігінің жалғаулары туралы түсініктері кеңиді.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық – қаланың картасы




Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға шашыраңқы түрде ілік септігінің жалғаулары беріледі.

  1. Оқушылар берілген сөздерді тиісті жалғаумен сәйкестендіреді.

Мейрамхана көлік тұрағы
сурет -дың
аялдама -дің
сарай -тің
сауда орталығы -ның
алаң -нің
мектеп -тың
күн

  1. Мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша жетелеу сұрақтарын қояды:

  1. Қала қандай?

  2. Қалада нелер бар?

Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақтан білген білімдерін қорытып, қалада нелер бар екенін айтып шығады.
Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушыларға Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар қала мен ауылды салыстырады және екеуіне ортақ нәрселерді де жазып шығады. Тапсырма топта орындалады. Қала мен ауылды барынша жақсы салыстыра білген оқушылар «Шапалақ» әдісімен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет