4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық
категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану
Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі ретінде бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазбада әдепсіз баланың қырсық мінезі, еркелігі, ата-анасының тілін алмауы сияқты әрекеттер көрсетілуі керек. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл қандай бала? Баланың қандай әрекеттерін байқадыңдар?». Оқушылар өздерінің бейнажазбадан түсінгендері бойынша өз ойларын ортаға салады. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырма орындалады. Оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Оқушылар суреттердің астындағы сөйлемдерді оқып, талқылайды. Балалардың әрекеттеріне баға береді, оларға қандай қасиеттер тән екенін айтады. Тапсырма оқушының жан- жақты ойлауын, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл балалардың бойындағы қасиеттерін «топтастыру» әдісі бойынша топтастырады. Бұл тапсырманың ерекшелігі – оқушыны сөйлете отырып оған «жаңа сөздерді» таныстырып,
игертетіндігі. Оқушы сөйлесіп отырып жаңа білімді игереді.
2 мин
Мұғалім-сынып
Бейнематериал
Топтастыру әдісіне қатысты А4 парағы
Негізгі бөлім
«Тыңдайық» тапсырмасы оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтінді дискіден тыңдаған соң,
сыныптан екі оқушы шығып диалогті дауыстап оқиды. Оқушылар мұқият тыңдайды. Оқушылар диалогті оқып болған соң, мәтінге ат қояды. Осы диалогтің ішінде кездесетін әдепті
балаға тән қасиеттерді топтастырады және өздері білетін жақсы қасиеттерді де толықтырып жазады. Әр топ өз постерлерін қорғайды. Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы
бағалайды.