4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.4.1.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын
сақтап, бір сызықта көркем жазу
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Оқушы қандай болу керек?» постерін құрастыруға тапсырма беріледі. Әр топ өз бетінше постер құрастырады. Оқушылар постерлерін қорғайды, оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісімен бағалайды.
«Жаңа сөз үйренейік»айдарындағы тапсырмада оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Және ол сөздердің сипаттамасы беріледі. Оқушылар «Сәйкестендіру» әдісі арқылы мұғалімнің көмегімен сөздерді мағыналарымен сәйкестендіреді. Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатады, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыртады.
Мұғалім «Ойланайық» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылардың назарын оқулыққа аударады. Оқушылар оқулықтағы суретке қарап, астындағы «Досыма кеңес» тапсырмасындағы сөйлемдерге қажетті сөздерді қояды. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Тапсырма ауызша орындалады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың
айтылым дағдылары дамиды.
5 мин
Жеке жұмыс
Оқулық
«Есте сақтайық!»айдарындағы тапсырмада мұғалім «Ешкімнің жолын кеспеу» дегеннің мағынасын түсіндіреді. Ешкімнің жолын кеспеу дегеніміз – ешкімге жамандық жасамау, адал өмір сүру. Мұғалім оқушыларға ешкімнің жолын кеспей, адал өмір сүру керектігін түсіндіріп айтады.
«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында оқушыларға сөздер ретсіз беріледі. Оқушылар сөздерді орын тәртібімен орналастырып, сөйлемдер құрастырып оқиды. Тапсырма жеке
орындалады.
3 мин
Жеке жұмыс
Ретсіз берілген сөздер
«Ойнайық» айдарымен берген 4-тапсырманы орындауда оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне кеңес айтып, қолындағы допты ұсынады. Допты алған оқушы келесі оқушыға өз кеңесін айтып, добын береді. Осылайша ойын мұғалім тоқтатқанға дейін жалғасады. Осы тұста мұғалім оқушыларға «Еске сақтайық» деп, сөздердің орын тәртібі туралы түсіндіреді. Сипаттайтын сөз зат атауының алдында тұрады. Мысалы: жомарт адам, адал дос, кең
дала, биік тау т.б.
5 мин
Топпен жұмыс
Оқулық
«Жазайық» тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім оқушыларға постерді безендіру тапсырмасын береді. Оқушылар постерге өз досына көркем етіп кеңес жазады. Оқушылар постерді өз қалаулары бойынша
безендіріп, постер құрастырады. Тапсырма жұпта орындалады. Әр жұп бір постер құрастырады. Мұғалім оқушыларға үлгі ұсынады.
Оқушылар осы үлгіні басшылыққа ала отырып, өз постерлерін жасайды. Мұғалім постерге бүгінгі сабақта өткен жаңа сөздерді қолдану керектігін түсіндіреді.
Үлгі:
Сыныптасым, сабағыңды
жақсыоқы. Сыныптасым, сабаққа ерте
кел. Сабырлы, тәртіпті бол. Шыншыл жәнеадалбол. Ешқашан сабақта телефон Ешқашанөтірікайтпа! ұстама. Өз ісіңе жауапты бол!
Оқушылар постерлерін қорғайды. Оқушылардың постерлері смайликтер арқылы бағаланады. Оқушыларға постерлерді
безендіру үшін түрлі түсті маркерлер, суреттер, жапсырма гүлдер, желім, қайшы, түрлі түсті қағаздар ұсынуға болады.
«Жасыл» смайлик – «Өте жақсы!», «Тамаша!» (талапқа сай)
«Сарғыш » смайлик – «Жақсы!».
«Қызыл» смайлик – «Орташа!» (толықтыруларды қажет етеді немесе қателері бар)
15 мин
Постер жасауға қажетті флипчарт, түрлі түсті маркер- лер
Қор. бөлім
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «Бір минутта» әдісі бойынша бүгінгі сабақта не өткендерін 1 инут ішінде айтып шығулары керек. Бұл әдіс оқушыларды жылдамдыққа, айтылым дағдысын дамытуға, есте сақтауды жақсартуға, өз ойын еркін жеткізуге негізделген.
Рефлексия. «Білім қоржыны» – оқушылар қоржынға өздеріне не ұнағанын және не үйренгісі келетінін жазып салады.