Нағыз өнер – қолөнер. (2-тоқсан, 3-тарау)
34-сабақ
Дағды
Оқылым
Оқыту мақсаттары
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Лексикалық минимум
Құмыра, қоржын, былғары
Алдыңғы білім
Қаладан келеміз
Пәнаралық байланыс
Технология
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Осы сабақты бастарда мұғалім оқушылардың барлығын ортаға шақырып, олардың қолдарына оқулықта көрсетілген бұйымдардың суретін ұстатады. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір оқушымен бірге шеңбер ортасына тұрады. Оқушылардан 1–5-ке дейін көзін жұмып санаған кезде орын ауыстыруларын сұрайды. Көзін ашып, қандай суреттердің орны ауысқандығын сұрайды. Осылайша оқушылар осы сабақта үйренетін жаңа сөздерін оңай ойын арқылы үйреніп алады. Егер оқушылардың қабілеті өте төмен болып жатса, тақырыпқа сай оқушылардың білетін суреттерін ғана таңдап, ойынға қолдануға болады. Ал таныс емес сөздерге арнайы уақыт бөліп, таныстыру және
жаттықтыру жұмыстарын жүргізуіне болады.
«Сөйлесейік»айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді ойын арқылы аңғарусыз меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Алдыңғы тапсырмадан үйренген ойынын ойнатуға да болады. Әрине мүмкіндік болып жатса дорбаға салып, оларды сипап сезу арқылы ажыратып айту сынды тапсырмаларды қосымша орындатуға болады.
«Қарапайым анықтама беру, сөйлем құру» әдісімен жаңа сөз мағынасы түсіндіріледі. Мысалы, «Былғары» деген сөзді меңгерту керек болса,
«Былғары – малдың жұмсақ иленген терісі» деп түсіндіріп, әрі қарай мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс.
Қоржын неден жасалған? Тымақ неден жасалған? Кітап неден жасалған?
Үй неден жасалған?
5 мин
Келесі кезекте «Есте сақтайық»айдарымен жұмыс түрін жалғастыруға болады. Балалар сөздерді, зат атауларын меңгеріп алғаннан кейін олардың неден жасалғанын айта алатындай болуы үшін грамматикалық білім игертіледі. Оқулықтағы кестеге сүйеніп ереже түсіндіріледі. Осы тұста оқулықтың алғашқы бетіне қайта оралып, әр заттың неден жасалғанын талқылауға болады. Немесе алдыңғы ойналған ойын карточкаларын пайдаланып, оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап
алуын ұйымдастыру оңды болады.