Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы)



бет111/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы)









«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге шығыс септік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады. Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы септік
жалғауларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады.

6 мин

Мұғалім- сынып

Кесте
Интербел- сенді тақта

«Оқиық» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті қосымшаны тыңдау арқылы қойып шығады. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар стикерге жалғауларды жазып, тиісті оқулық тұстарына жапсырып отырады. Талқылау барысында оңай түзетеді. Бұл тапсырма 4.3.4.1 * мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен?
не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу мақсатын орындайды.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық


«Оқиық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Тақтадағы ұяшықтарда мәтін бойынша сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап беруі керек.

  1. топ.

Кемел мен Нұрәлі қайдан келді?
Балалар сыйлық пен базарлықты кімнен алды?

  1. топ.

Атасынан Кемел не алды? Әжесінен Нұрәлі не алды? 3-топ.
Қоржыннан қандай тамақтар шығарылды? Әкесі қымызды неден құйып ішті?

6 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Тақырыпқа қатысты суреттер, А3 парағы, түрлі түсті маркерлер




Мұғалім оқулықта ұсынылған «Сен білесің бе?» айдарында берілген
«Базарлық» туралы ұғымның мағынасын түсіндіреді.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Оқулық

Топтағы оқушылар бірлесе отырып «Ойланайық» айдарында берілген үлгідегі құраған сөйлемдерді пайдалана отырып, әрі қарай өрбітіп сөйлемді жалғастырып жазады. Оқушылар сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз жұмыстарын ортаға шығып
қорғайды.

5 мин

Топтық жұмыс




«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөздерге септік
жалғауларын жалғайды. Грамматиканы қолданыстық тұрғыда бекітуге берілген. Тапсырма жазбаша орындалады.

5 мин

Жеке жұмыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет