4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану
Лексикалық минимум
Алдыңғы сабақтарды түгел қайталау
Алдыңғы білім
Спортшы
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Мен саған сенемін» жаттығуы.Әуен ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың» деген сияқты сөйлемдермен жалғастырады.
Бұл сабақта оқушылар «Мамандықтар» бөлімі бойынша өткенді қайталайды, еске түсіреді. Өткен тақырыптарға байланысты 4 тапсырма берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр тапсырма бойынша жұмыс істейді.
5 мин
Мұғалім-сынып
Суреттер Оқулық
Негізгі бөлім
«Мамандық атауын білемін» айдарындағы 1-тапсырмадаоқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріп сипаттап айтады. Оқушылардың алдына сөйлемдері бар карточкалар беріледі. Әр шаршының ішінде мамандық иелерінің суреттері берілген.
Үлгі:
Оның қызметі – ғимараттардың жобасын жасау.
Оның қызметі – ағаш өңдеу.
«Кіммен? Немен?» сұрақтарына жауап беремін» айдарында 2- тапсырма. А) Бұл тапсырмада айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады. Оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөздерге септік жалғауын жалғап, ауызша/жазбаша түрде қолданады.
«Кімге? Неге? Сұрақтарына жауап беремін» айдарында 3- тапсырмадасынып жұппен жұмыс жасайды. Оқушылар алдымен оқулықтағы берілген суретке назарын аударады. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы айтылым дағдысы қалыптасады. Мамандыққа қатысты құралдардың кімге тиесілі екенін тауып, құралдардың атауын жазады.
«Мамандыққа қатысты құралдарды білемін» 4-тапсырма. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптарға 4-тапсырмада берілген мәтін бойынша суреттер беріледі. Сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбаттасады.